Жігітке қандай сыйлық беруге болады?

Oinet.kz 16-08-2019 1879

4f5d1cd280582504e437c690952d2ea4.jpeg

Жігітке шұлық та сусабын да сыйлап қойдыңыз ба? Енді не сыйларыңызды білмей бас қатырып жүрсіз бе? 

Жігіттер қауымы көбінде «Әйелдерді түсініп болмайсың» деген көңіл толмаушылықтар білдіріп жатады. Дегенмен де әйелдерге еркектерді түсіну әлдеқайда қиынырақ. Әйелдер қуанышын да, қайғысын да ашық бөліседі емес пе? Қалауларын да ашық айтады, салмағын да, саусағының өлшемін де айтып үлгереді кейде абайсызда, мүмкін әдейі. Ал тіптен де не аларын білмейтіндерге ең оригиналды сыйлық гүл. Ал жігіттерге не сыйлайтынын білмей қыздар дал болады. Себебі жігіттердің табиғаты өте қиын. Сондықтан әйелдер қауымының жұмысын жеңілдету үшін, жігіттерге сыйлық таңдар алдында неге ден қою керек екені төменде көрсетілді.

Мәнді әрі сапалы сыйлықтар.

Егер сіз сыйлық сыйлағалы жатқан жігіттің қызығушылықтарынан хабардар болсаңыз бұл сізге керемет мүмкіндік. Мәселен жігіт фотографиямен айналысса , оны шабыттандыратын картина, ән айтатын жігітке микрофон-караоке, дәрігер болса бас киімін деген секілді. Жігіттің қызығушылығына байланысты сыйлық сыйласаңыз, сіз оны ойлап, сыйлаққа мұқияттылықпен келгеніңізді білсе қуанып қалатыны анық.

Сыйлықтың сапасын арттыра түсіретін әдіс сіздің сыйлыққа қоса айтқан тілегіңіз болмақ. Бастысы сыйлықтың шынайы сыйланып тұрғанын білдіру. 8-наурыздағы алған сыйлықтың қарымтасы емес екендігін.

Әсер, эмоция.

Сыйлықтың бұл түрі кез келген жігіт үшін өте қымбат. Мейлі ол әкеңіз, күйеуіңіз, жігітіңіз, досыңыз немесе жай ғана танысыңыз, әріптесіңіз. Есте қалатын сыйлықтар, шексіз эмоция сыйлайтын шаңғы тебу, бірге кино тамашалау, театр, балет тек кішентайларды қуантады деу қате, ересек адамдар үшін де мұндай сәттер маңызды, әрі сіз ол адаға өзіңіздегі ең қымбатын беріп отырсыз, уақыт.

Естелік сыйлықтар.

Әйелдер негізінен ерекше болғысы келеді, ерекше есте қалғысы келеді. Бұл жағдайда да солай жасауға болады. Өзіңізді есіне салып тұратын құнды зат сыйлаңыз. Кітап, сағат, айна, қалам, блокнот деген сыйлықтар бұл жерде керемет мысал.

Қолдан жасалған сыйлық.

Ерекше бағаланатын сыйлық. Себебі уақыт, қаражат, өзіңіздің қолыңыздан жасалған туынды бағаланбай қалмайтыны анық. Мәселен қолдан жасалған тамақ, тігілген шұлық, мойын орағыш немесе фантазияңызға ерік беріңіз.

Өнерлі сыйлық.

Өлең оқып беріңіз, өлең айтыңыз, сазды инструменттерде ойнасаңыз да керемет.

Глина түрлері, пайдасы
Тайм және менеджментпен өмір сүру мүмкін бе?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу