Макияж сыр шертеді

Oinet.kz 21-08-2019 1290

Screenshot_1.jpg

 Ажарға ажар қосып, кем-кетікті жасыру, бәт-әлпетті әрлеп, косметиканың түр-түрімен сәндеу кез - келген қыз баласына тән қасиет. Сол, жасаған макияжы арқылы бойжеткен қыздардың болмысын анықтауға болады. Жігіттер қыздың бет бояуына аса мән бермейтіні белгілі. Сол себептен, косметика атауларын түсіну қиын болмас үшін, қарапайым тілде жеткізіп көрейік. 

- Бетке бояу тигізбейтін, табиғилықты ұнататын қыздар - негізінен, мінезі тұйық, сыпайы, өз-өзіне сенімді келеді. Көбіне, мұндай қыздар кәсіпкерлікке қызығады. Табыс табудың жолын көп іздейді. Олар өздерін кемшіліктерін жақсы біледі,дегенмен, оның орнын толтырып, жоқтан бар жасап әуреленбейді. 

- Ашық түсті бояу - мінезі жайдарлы, ақкөңіл, нәзік бикештерге тән. Кейде тым ерке, кей кездері тым қырсығып қалады. Реніші жай орамал кепкенше. Мұндай қыздардан, аспаз, қолөнер шебері,дәрігер, мұғалім шығуы мүмкін. 

- Керісінше, қанық түсті бояуды ұнататындар - әзілкеш, ойындағысын ашық жеткізетін, бірбеткей келеді. Қолына ақша түссе, атымтай Жомарттың қарындасына айналады. Олар басқа қыздар секілді эмоционалды емес, жан-сырын ішке сақтайды. 

- Тек  қасын бояйтындар - өз кемшілігімен күрескісі келеді, бірақ, негативті ойлардың мысы басып кетеді. Десек-те, олар - өте шыдамды, сабырлы, айтар сөзін тиянақтап, жеті рет өлшеп барып айтатын арулар. Жаныңды ақылымен баурап алады. 

- Ерінін ғана бояйтындар - тұрақты, тартымды, қылықты келеді. Олардың қызықпайтын саласы жоқ. Жан-жақты болғанды ұнатады. Бұл аруларға сыр айтудың керегі жоқ, өкініп қаласыз.  

- Кірпік жабыстырғаңды ұнататын бикештер - қызғаншақ, бірбеткей, өз кемшілігін мойындамайтын, қырсық болып келеді. Бірақ, кез-келген адамды қылығымен баурап алады. Махаббатқа адал, тұрақты. Бұндай қыздар, үйдің шаруасынан гөрі, еркелеп жүргенді қалайды.  

Тіс пастасын қалай дұрыс таңдайды?
Смартфоныңызда болуға міндетті 7 қолданбалы бағдарлама
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу