Алтынай Жорабаеваның қыздарымен түскен суреті көпшілікті сүйсіндірді (фото)

Oinet.kz 21-06-2021

Танымал әнші Алтынай Жорабаеваның қыздарымен түскен суреті көпшілікті сүйсіндірді. Бұл фото әншінің Instagram парақшасында жүктелді. 

Алтынай қыздарымен.jpg

Алтынай Жорабаева бір күнде дүниеге келген қос қызы Аяулым мен Семанұрды туған күнімен құттықтап, жүрекжарды лебізін арнады. 

- Аллаға мақтаулар мен мадақтар. Бүгін, Қос қарлығашым, екі Қызғалдағымның туған күні! Өмір гүлдерім, Алла бере салғандарым туған күндеріңмен! Дәл осы күні АЛЛАНЫҢ ҚАЛАУЫМЕН мені ана атандырған, осындай сезім сыйлаған сендерсіңдер. Аяулым, жаны аяулы ерекшем, тұңғышым. Сен менің өзімдейсің. Саған қарап өзімді көрем. Сырласым да өзің. Қолдаушы құрбым да өзің. Сіңілілерің саған қарап бой түзейді, сондықтан саған артар сенім мен үміт үлкен. Нәзік гүлім Семанұрым, қылықтым. Осы нәзік, ерке, қылықты қалпыңды сақта қызым. Күн сайын маған бақыттың таратар нәрін, Сендерсің менің бақытым, балапандарым. Қызығын ғана көріңдер өмірдің мына, Батаға ғана жайылсын алақандарың. АЛЛА ТАҒАЛАМ ЕКІ ДҮНИЕНІҢ АБЫРОЙЫН, БАҚЫТЫН БЕРСІН - деп жазды әнші. 

Әншінің аналық ниет, ыстық лебізіне желі қолданушылары да қосылып, қос қызының туған күніне тілектерін жаудыруда.

- "Қос қарлығаштарыңның туған күндері құтты болсын Алтыным! Алла екі дүние бақытымен сүйіншілесінші", "Құтты болсын, менің қыздарымда тез өсіп қолқанаттарым, сырластарым болса екен", "Құтты болсын қыздарыңыздың туылған күні,өзіңіз сияқты сұлу", "Бақытты болсын балапандар! Ананың бақыты бала ғой!", "Құтты болсын туылған күндері әдемі ,ақылды қыздарыңыздың . Жастары ұзақ боп , қуанышқа бөлей берсін сізді" - деп жазды желі қолданушылары.

Посмотреть эту публикацию в Instagram


Публикация от Алтынай Жорабаева (@altynaizhorabayeva)

Жүсіп Ақшораның жаңа образы мен биі желіні шулатты (видео)
Ләйлә Сұлтанқызы жағымсыз жағдайға тап болды (видео)


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×