Маса шаққанда не істеуге болады?

Oinet.kz 22-08-2019 4632

shutterstock_436043980.jpg

  • Масаның тістеген орнын ең алдымен дезинфекциялау үшін сабынмен тазалап жуу қажет.

  • Маса шаққан жерге ыстық қасықты бірер минут басып тұрса, шаққан жер жазылып, қышытпай қалады.

  • Маса шаққан орынға спирт жағу терінің қабынуының алдын алады.

  • Теңіз суы тұзды болғандықтан, зиянкес қонған орындарды жусаңыз, лезде кететін көрінеді.

  • Егер де маса шаққан орынды тырнап, қасып тастаған болсаңыз, ас содасымен шайып жіберіңіз.

  • Ал кішкентай сәбилерді қансорғыштардың қаһарынан құтқару үшін, жастығының басына аршылған лимон қойып қойыңыз.

  • Айран немес сүтпен ысқыласаңыз да, маса шаққан жер жазылып кетеді.

  • Дәріханаларда псилобальзам түссіз майы сатылады. Ол да маса шаққан денеңізге дауа болады.

  • Егер де сізді ірі көлемді маса тістеп алса, ас содасын қайнаған суға ерітіп, денеңіздің маса шаққан тұстарын ысқылағаныңыз жөн.

  • Мұз қолданыңыз. Егер де мұздатқышыңызда тоңдырып қойған мұзыңыз болса, маса шаққанда сізге керемет ем болады екен.

  • Немесе ас содасының ерітіндісі, бор спирті, қырмызы тұнбасы, пияз немесе қызанақ кесігі, тіс пастасы (негелиевая), прополис тұнбасы да сізге керемет көмекші бола алады.

Масадан қалай құтылуға болады?
Еуропаға барар болсаңыз нені есте ұстау керек?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу