Жұмыста қалай есіңнен адасып кетпеуге болады?

Oinet.kz 17-09-2019 1015

106942C2-48AD-475D-8485-7A3604296069.jpeg

Мамандар мақсатты дұрыс қоюға және өзін-өзі жиі мадақтауға кеңес береді.

Жасыратыны жоқ, көптеген компаниялар адамдарды шынымен шаршатады: демалыс және демалыссыз 18 сағат бойы белсенді жұмыс істеуге мәжбүрлейді. Әдетте олар жақсы ақша төлейді. Сондықтан да бұл тип жұмыстарда жастар жұмыс жасайды, кейде еріксіз ересек кісілер де. Нәтижесі қандай?  Өмірдің қызу қарқыны, жұмыстағы ақылсыз жүктеме, кеңседегі және үйдегі жанжалдарға төтеп бере алмайтындардың қатты ауырып қалуы немесе мансапты тастап, шөл далада өмір сүруге кетуіне әкеледі.  Шектен тыс жағдайды болдырмау үшін не істеу керек?

Жұмыстағы стресс пен депрессияның құлы болмау үшін не істеу керек?


1. Қарындаш кеміру


«Қарындаш кеміру» сияқты жаман әдеттің көмегімен сіз стрессті жеңе аласыз.  Зерттеу жүргізілген екен, онда қатысушылар мультфильм көріп, оның қаншалықты күлкілі болғанын бағалады.  Кейбіреулеріне қарап отырғанда қарындаштарын тістерінде ұстау тапсырылған. Қарындашты кемірген адамдар мультфильмді бақылау тобымен салыстырғанда әлдеқайда күлкілі деп қабылдағаны белгілі болды.  Қарындашты аузыңызда ұстағанда, бет бұлшықеттері шынайы күлімсіреу түрінде ұйымдастырылады.  Деректер көрсеткендей, егер жай ғана бақытты тұлғарөлін ойнаса, онда адам өзін шынымен бақытты сезіне бастайды.


 2. Сағыз


Негізі, кез-келген тапсырманы орындамас бұрын сағыз шайнау ми қанайналымының жақсы жұмыс жасауына әкеледі.  Нәтижесінде адам жоспарлаған жұмысын сәтті және тез орындайды. Сағыз сергектікті жақсартады, қысқа мерзімді есте сақтау қабілетін жақсартады, тіпті мазасыздық деңгейін төмендетеді.


 3. Медитация жаттығулары


Медитация - бұл релаксация үшін өте күшті құрал. Бұл стресс деңгейін төмендетіп, белсенділікті жақсартатыны белгілі. Тибетке барып, онда бірнеше жыл монастырьларда нирвананы өткізуге тырысудың қажеті жоқ. Сіз қарапайым медитацияға арналған жаттығуларды интернеттен таба аласыз.


 4. «Көшбасшы» сияқты отырыңыз


Мазасыз бастық, көңілі толмайтын тұтынушылар сізді мезі етуге өз ықпалдарын тигізуде. Керемет!

Шын мәнінде, адам егер де денесін тік ұстаса, айналасындағы болфп жатқан жайларды анағұрлым қалыпты қабылдап, жеңіл шешеді екен. 


 5. Жүрек жалғау


Дұрыс тамақтанудың максималды өнімділікпен жұмыс істеуге мүмкіндік беретіні ешкімге құпия емес.  Кез-келген жұмыс үшін айтарлықтай калория қажет. Әсәресе, жұмыста өзіңізді мазасыз сезіне бастаған кезде тәтті батон шоколад жеу айрықша күш қуат береді.


 6. Жалбыз жапырағын иіскеу


Ақылға қонымсыз секілді ме? Алайда бұл мақаланы осы тұсқа дейін оқып отырғаныңыздың өзі ақылға қонымсыз. Сондықтан ары қарай оқыңыз. 

Ароматерапия көбінесе көңіл күйді жақсартуға көмектеседі. Ал жұмыста көңіл-күйді жақсарту деген... Зерттеулердің нәтижесімен жалбыз жапырағы иісі адамның ми қабілетін оятуға, денесін жұмыс қалпына келтіруге көмектеседі. Сондықтан сізді ауыр жұмыс күні күтіп тұрған болса, сөмкеңізге бір қадта жалбыз жапырағын салып алыңыз.


7-шісі, соңғысы. Көзіңізді барынша ашық етіп ұстаңыз. (күні бойына)

Тұздың шашқа тигізер пайдасы
Баланы қалай жұбатуға болады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу