Шаш жалғау зиян ба?

Oinet.kz 19-09-2019 3093

Картинки по запросу наращивание волос плюсы и минусы

Қалың, жібектей, ұзын, үлпілдек шаштар нәзік жандылардың арманы екені рас. ХХІ ғасырда мүмкін емес дүние жоқ. Сол секілді ұзын, қалың шаш ендігі арман емес, шынайы дүниеге айналды. Тек қомақты қаражат қажет демесеңіз... (бұл енді арман)

Жалпы шаш жалғаудың екі түрі бар. Олар құрғақ және ыстық шаш жалғау болып бөлінеді. 

Құрғақ түрінің өзі екі бөлікке бөлінеді. Алғашы шашты арнайы жабысқақ лента арқылы шаш түбіріне жабыстыру, келесі өру арқылы шаш түбіне табиғи шаштар жалғайды. 

Ал ыстық шаш жалғау итальяндық шаш жалғау түрі. Ол ұзындығы 15-20 см құрайтын шаш түбіне арнайы аппараттың ыстығы арқылы жалғанады.

Негізінен шаш жалғату зиян емес. Ол сіздің 40-90 минуттан тұратын аз ғана уақытыңызды алады. (және қыруар қаражатыңызды)

Жасанды шашты сіз салоннан немесе өз шаш шеберіңізден сатып ала аласыз. Осы жерде шаш таңдау мен шаштаразшыны таңдау өте маңызды болып табылады. Себебі арзан қол, жеңіл жұмыс сіздің көңіліңізден шықпауы ғажап емес. Егер сіздің шаш түсіңізге сәйкес жасанды шаш табылмаса, жасанды шашты қажетті түске бояту қажет.

Ескерту! Шаш жалғау тек дені сау шаштарға жасалады. Егер шашыңыз сынғыш, түскіш болса, бас түбірінде аллергиялық факторлар байқалса сізге шаш жалғатпауға кеңес беріледі. 

Және де екіқабат немесе бас сақинасы бар әйелдерге де шаш жалғаты зиян.


Баланы қалай жұбатуға болады?
Ақыл тісті жұлу керек пе?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу