Мата түрлері

Oinet.kz 27-09-2019 10001

Картинки по запросу виды тканей

Қазақтарда негізі қыздары арасында мата атауларына орай  Барқыт, Баршын, Бәтес, Дүрия, Жібек, Қамқа, Қатипа,  Мақпал,  Масаты, Торғын, Шұға сынды есімдері қойылған. Себебі сол маталардың әрқайсысы белгілі бір мінезбен, бейнемен байланыстырылған.

Қазақ халқы пайдаланған мата атаулары:

Дүрия – жылтырауық тығыз жібек мата.

Қамқа – зерлі жіптен тоқылған жібек мата.

Қатипа – жол-жолы бар жұқа жібек мата.

Торқа – ең қымбат жібек мата.

Торғын – қымбат бағалы жібек матаның бір түрі.

Патсайы – тығыз тоқылған жібек матаның бір түрі.

Биқасап – енсіз жібектен тоқылған жолақ мата.

Баршын – жолақты жібек мата.

Насар – жібек кездеме.

Жібек – беті тегіс, жылтыр, қымбат мата.

Қырмызы - жоғары сапалы қызыл жібек.

Пай немесе пайы – жібек мата.

Парша – алтын мен күмісті араластыра отырып тығыз тоқыған жылтырақ жібек мата және сол матадан тігілген қымбат бағалы киім.

Сәрпөңке – астарлық жібек мата.

Барқыт – түгі тығыз жібек мата.

Аңдабы – жұқа ақ мата.
Ақсаң – ақ мата, сұпы.

Шибарқыт - бет жағы жол-жол болып келген барқыттың бедерлі түрі. Баршын – жолақты жібек мата. Құлпы – өңі құлпырып тұратын жібек мата.

Қазине – жібектен қалыңды-жұқалы етіп тоқитын мата. «Қазине қамзол кидім қиылмаған» (С.Мұқанов).

Мауыт – оң жағы майда түкті келген қалың мата.

Қатипа – Жол-жолы бар жұқа жібек мата.

Тібен – түрлі түсті қалың мата.

Мақпал - тығыз тоқылған, қалың, түкті барқыттың бір түрі. Мақпалдың қара мақпал – қара барқыт; қой мақпал – түкті пүліш, қырмызы мақпал – қызыл күрең барқыт деген үш түрі бар. Бірақ қазақтар мақпал деп көбінесе біртегіс, түгі тықыр қара барқытты атаған.

Сәтен - сапалы мақта жiбiнен тығыз етiп тоқылған жылтыр мата.

Шағи – жұқа келген жұмсақ мата.

Шұға – жұмсақ майда түкті жүн мата.

Манат – сырткиімдік барқыт сияқты бағалы шұға.

Қыжым – сапалы жүннен тоқылған түкті мата, плюш.

Қойқын - жуан жіптен тоқылған қалың мата.

Ләңке – сырткиімдік матаның бірі түрі.

Ұштан – ақ түсті тығыз мата.

Боян – боялған бөздің бір түрі.

Шөжім – ішкиімдік, арзанқолды жұқа мата.

Саң – шыттан қалыңдау, ақ түсті мата.

Шыт – жеңіл әрі арзанқол жұқа мата.

Бояқ – кездеменің боялған түрі.

Борлат – қызыл түсті жұқа мата.

Дабы – жұқа ақ матаның бір түрі.

Ләмбек – сырткиімдік судыраған жылтыр қара мата.

Борлат – қызыл түсті жұқа мата.

Бөз – шаруалардың ішкиім үшін пайдаланатын, қолдан, мақтадан тоқитын матасы.

Үлде – қымбат жұқа мата.

Аңдабы – жұқа ақ мата.

Ақсаң – ақ мата, сұпы.

Сиса - мақтадан тоқылатын, арзан бағалы, түрлi түстi, жұқа шыт мата.

Бәтес – мақтадан тоқылатын жұқа ақ мата.

Бүлде – сапалы, қымбат мата.

Доқаба – сырты түкті барқыттың жақсы түрі.

Арзанқол маталар: ләмбік, діке, үлдірік, ләстік, кенеп, шөжім, шыдаған, сұпы, шыт, бөз, тептік, аңзу, күн-түн, тібен, сәлдебөз, меткетон, тіке.

Жұқа маталар: зон, ақсұп, борлат, бомази, бояқ, дабы, сыңсыма, сұрып, сәтен, сиса, шағи, бітес, тек, зәріп, саржа, құмаш, орысқол, тайғақ.

Сырт киімдік бағалы маталар: барқыт, тұқаба, берен, биқасап, бүлде, дүрия, қамқа, қойқын, қыжым, мақпал, мауыты, міндала, пайы, баршын, парша, пүліш, саң, тапта, ұштап, тібек, шұға, мана, ләмбөк, дыраб, манат, масаты, борлат, бояқ, бұйдас, зипуын, дабы, сылаң, қасапдар, қаламы, қымқап. Жібек маталар: баршын, кініпас, кіріс, кіләңкөр, күлдірі, қатипа, батсайы, сарпөңке, сіндіп, тапта, торғын, торқа, шәйі, қырмызы, атлас, кінауыз, маңлық, құлпы.

Ертеде өмір сүрген алаяқ
Көліктің есігі ашылмай қалса
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу