Мангоның пайдасы

Oinet.kz 30-09-2019 2909

Манго - Үндістаннан шыққан. Бізде манго жақында пайда болды, бірақ көптеген қазақстандықтар жеміс дәмін және пайдалы тұстарына көз жеткізе алды. Манго калийге бай, соның арқасында жүрек пен қан тамырлары үшін пайдалы. Сонымен қатар, манго құрамына С витамині, В тобының витаминдері, А және Е витаминдері кіреді.

Манго калориясы жоғары емес (100 грамм жеміс үшін 60 калория), сондықтан арықтау кезінде осы жеміс көп ұсынылады. Мангода көптеген пайдалы талшықтар бар, сондықтан экзотикалық жеміс асқазан-ішек жолының жұмысына өте пайдалы. Сонымен қатар, манго зат алмасу процесін жақсартады және сұйықтықты ағзадан шығаруға көмектеседі.

Манго мен сүттен ғана тұратын экспресс-диета түрі бар. Үш күн ішінде мұндай диетаны ұстау арқылы орташа есеппен 3 килограмм тастауға болады.

Мангоны қант диабеті кезінде қолдануға болмайды, аллергияға бейім кезде де бұл цитрустық жеміс шырынын сақтықпен ішу керек.

Тұтыну алдында манго қабығынан тазартылады және сүйектері алынады. Манго сүтінен шырындар, смузи, ласси, сүт коктейлдері, балмұздақ, тәтті десерттер дайындалады. 

Манго аурудан айықтыра алады, бас ауруын жаза алады, қатерлі ісіктің алдын алу үшін де тұтынылады. Сондықтан манго ерлер мен әйелдерге репродуктивті және несеп-жыныстық жүйелерге байланысты ауруларда жеуге пайдалы.

Кілемдегі дақтарды кетірудің ең оңай әдісі
Психологиялық комплекс деген не?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу