Бір күнде неше жұмыртқа жеуге болады?

image.png

Жұмыртқа жоғары ақуызды өнім ретінде күнделікті рационға кіреді, әсіресе спортпен шұғылданатын және дұрыс тамақтану ережелерін ұстанатын адамдар жұмыртқаны көп тұтынады. Расымен де жұмыртқа  қажетті ақуыздың керемет көзі. Жұмыртқа оның үстіне аса тойымды жіәне тез сіңіріледі.

Жұмыртқа ақуызы лейкинге, треонинге және басқа да маңызды амин қышқылдарына бай. Күніне бір жұмыртқа жеп, сіз 5% тәуліктік темір дозасын, 4% мырыш және 3% кальций аласыз. Бірақ жұмыртқа құрамында холестерин бар, сондықтан тұтыну қалыпты болуы керек.

Американдық кардиологтар қауымдастығы 14 жыл бойы бұл мәселені зерттеді. Мамандар 120 000 адамның гастрономиялық құмарлығын зерттеп, келесі фактіні анықтады: аптасына 14 жұмыртқаға дейін жейтіндердің арасында жүрек-қантамыр жүйесі жұмысының бұзылуы байқалды. Америкалық кардиологтар келесі вердиктке келді: аптасына 6-7 жұмыртқа - бұл қауіпсіз доза.

Жұмыртқадағы холестерин ересек адамның денсаулығына қауіпті емес. Ал жұмыртқаның сарысында 7 г май бар. Егер сіздің жоспарыңыз арықтау болса, онда мұнда үш жұмыртқадан омлет жеп, сіз бір рет 21 г май аласыз (және бұл басқа ингредиенттердің құндылығын санамағанда). Мұндай таңғы астан кейін сіз күн бойы өзіңізді маймен шектеуге тура келеді, ал бұл дұрыс емес: әрбір тағамды қабылдау теңдестірілген болуы тиіс, ал ағза жануарлар мен өсімдік майларын алуы тиіс.

Салмақ мәселесі жұмыртқаның рұқсат етілген тәуліктік дозасын анықтауда үлкен рөл атқарады. Егер денеңіздің салмағы 55 кг дейін болса, онда сізге күніне бір жұмыртқа (сарысымен бірге) және қосымша үш ақуыз рұқсат етіледі. Есіңізде болсын: тәулігіне ақуыз нормасы – 1 кг дене салмағына 1,4 г. Бір жұмыртқа ақуызы 2,6-ден 4,8 г протеин (сыныпқа байланысты) бар. КБЖА тепе-теңдігін сақтау үшін күн бойы бір жұмыртқа мен үш ақуызды жеу жеткілікті.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Cіз есіміңізді айтыңыз, мен міңезіңізді айтайын...
  • Жалқаулықтан арылу жолдары
  • Әтірді дұрыс пайдалана біліңіз
  • Кесілген қолды жарты ғасырдан соң қайтарды
  • Тұзды қолданудың ерекше әдістері
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика