​Жасөспірімдер арасындағы жыныстық аурулар

Oinet.kz 20-11-2019 1407

ЖИТС.jpg

Есірткіні, сонымен қатар, иньекцияны татып көруге талпынған жастар онымен шектелмей кейде  жыныстық қатынастарға түсуге де барады. Қазіргі таңда 14 жастан бастап, жастардың жыныстық қарым- қатынасқа түсуі жиі кездесуде. Олардың көп бөлігі АИТВ (адамның иммун тапшылығы) салдарының қауіп-қатерін біле бермейді. 

«Білім» өздігінен «іс-әрекетті» білдіре бермейді. Жастардың көпшілігі өздерінің білімдерін, қауіп-қатер мен мінез-құлқын, түйсінуді өзара байланыстыра алмайды. Көптеген жастардың әлсіздікке шалдықтыратын жағдайлары мәселені тек жартылай анықтайды. Бірдей дәрежеде жастарға қауіпсіз әрекетке көшуге, яғни, кәмелет жасына толмаған жастарға қарсы тұру стратегиясын дамытуға, өзін-өзі оң көзқараспен бағалауды жетілдіру мен қауіп-қатерлі іс-әрекеттің пайда болу мүмкіндігін төмендететін әлеуметтік қолдау жүйесін құруға көмек көрсете алатынын түсіну маңызды. Алдын алу әрекеттерінің міндеттері - адамды АИТВ (адамның иммун тапшылығы вирусы) және ЖЖБИ( жыныстық жолмен берілетін инфекция) жүқпалы ауруларынан арылтуға мүмкіндік туғызатын іс-әрекетке баулуға, яғни адамдарды ұзақ мерзімге іс-әрекетін қауіпсіз ете отырып, өзгертуге ықпал жасауға көмектесу болып табылады.   

АИТВ-жұқпасының бірнеше сатысы болады. Вирустың адам ағзасына енуі жұқпалы аурулардан қорғауды қамтамасыз ететін иммундық жүйенің бұзылуына және әлсіреуіне әкеп соғады. АИТВ жұқпалы ауруына шалдығу үшін 3 жағдайдың болуы жеткілікті:Вирустың болуы, жұқпалы ауруға шалдығу үшін АИТВ-ның жеткілікті мөлшері, АИТВ-ның қанға сіңуі. Ағзаның иммундық жүйесінің адамнан  иммундық тапшылық вирусын жұқтыруының нәтижесінде, оппортунистік деп аталатын және ЖИТС (жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы) ауруын тудыратын инфекциялар тарайды. Егер адам АИТВ жұқтырса, вирус ағзаны аурулардан қорғайтын иммундық жүйені бұза бастайды. Зақымданбаған иммундық жүйе кезіндегі инфекциялар ағзаға зиянын келтірмейді, алайда, иммундық тапшылық жағдайында ауру тудыртса, ол оппортунистік деп аталады.Оппортунистік инфекциялар деген не, оларға не жатады: туберкулез, қайталанатын екпе қабынуы, Капоша саркомасы, таз аурулары және т.б.

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының бағалауы бойынша жыл сайын дүниежүзінде 300 миллионнан астам ЖҚБИ (жыныстық қатынастар арқылы берілетін инфекңиялар) жұқтырған жаңа оқиғалар тіркеледі екен. Өкінішке қарай, оның 111 миллионы - жасөспірімдер арасында кездесетіндігі анықталған. Мамандар  ЖҚБИ-дан емделмегендер АИТВ инфекңияларын жүқтыру қаупін 5-10 есеге дейін арттыратындығын мәлімдейді. ЖҚБИ белгілері: жыныстық жолдардан шығатын ерекше көпірік іріңдер (сарғыш немесе жасыл түсті, кейде жағымсыз иісі болатын іріңді, шырышты-іріңді);Жыныстық мүшелердің сыртқы жақтарының қышуы, ісуі немесе ауыруы; 3әр шығару жолдарының бүзылуы; Жыныстық мүшелерде жараның пайда болуы; Жыныстық мүшелерде көпірік тәрізді бөртпелердің болуы; Жыныстық мүшелерде артық заттың болуы (кондиломалар); Шап айналасындағы лимфа бездерінің ұлғаюы (дөңгелек немесе овал тәрізді); Жыныстық қатынас кезінде қан кету; Дене температурасының жоғарылауы. Жалпы ЖҚБИ әр түрлі белгілері бойынша ұқсас келеді, алайда, әр түрлі тәсілмен емделеді. Сондықтан да, осы белгілердің біреуі анықталган жагдайда, дәрігерге қаралу қажет. Белгілердің көбісі ЖҚБИ таралуы кезінде адам ағзасындағы өзгерістерге байланысты болады және бұл өзгерістер АИТВ жұқтыру қаупін арттырады.

Өз өміріңіз - өз қолыңызда! ЖҚБИ жұқтырудан  қорғанудың жолдарын біле жүргейсіз. Ең тиімді тәсіл - анағұрлым ересек жасқа толмағанша жыныстық қатынастардан бас тарту. Егер сіз жыныстық қатынаста белсенді болсаңыз, ең қауіпсіз тәсіл - жалғыз ғана сенімді, жұқтырылмаған адаммен жыныстық қатынасқа түсу. Өткен өмірінде жыныстық қатынасқа түсер алдында қорғанбаса, оған тексерілуден өту қажет. Презервативті үнемі және дұрыс, яғни, әрбір жыныстық қатынасқа түсер алдында қолдану қажет, сонымен қатар, ережелерді сақтап, тек сенімді адаммен ғана жыныстық қатынасқа түсу абзал. Есірткіні қолданбауға бел буыңыз. Егер адам есірткі қолданудан бас тартса, ЖҚБИ/АИТВ жұқтыру қаупін төмендетеді. Иньекцияларды енгізу үшін жаңа инелер немесе шприцтерді (қапталган қораптағы) пайдаланбаса, адамдарға АИТВ жұқтыру, «В», «С» гепатиті мен мерезді жұқтыру қаупі төнеді.

Г. Бердиева,

Облыстық СПИД орталығы, дәрігер инфекционист

Донор болу - сыйлы әрекет
​Онкология – ұрпақ жалғастыруға кедергі емес
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу