Әлемдегі ең үздік медицина қай елде?

Oinet.kz 10-12-2019 1998

Әлемдегі 11 ең үздік Денсаулық сақтау жүйесімен ерекшеленетін елдерді ұсынамыз. Әрбір елдің денсаулық сақтау саласында өзіне тән ерекшеліктері бар. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау Ұйымы  мынадай критерийлерге сүйеніп жасалды: тиімділік, қолжетімділік, халық мұқтаждығына сәйкестік. Ең жақсы ауруханалар, ең білікті дәрігерлер, заманауи техникалық жабдықтау және осының бәріне халық толықтай қолжеткізе алуы шарт. Денсаулық сақтау саласының үздіктері осы критерийлерге сай болуы керек. 

1. Гонконг 

Гонконг медицина саласында да көш бастап тұр.Бұл қала әрдайым сапалы медициналық қызметпен ерекшеленеді. Сондай-ақ, Гонконгта сәбилердің ең аз өлімі тіркелген. Бұл көрсеткіш денсаулық сақтау саласының  дамып кеткендігінің бірғана дәлелі. Ауруханалары соңғы үлгідегі техникалармен жабдықталған. Дәрігерлердің қызмет көрсету сапасы әлем бойынша алдыңғы қатарда келеді. 

2. Сингапур

Көптеген елдерде мемлекеттік емханалар мен жеке емханалардың  сапасы жағынан айырмашылықты байқауға болады. Алайда, Сингапурдың денсаулық сақтау жүйесі бұл бағытта  ерекшеленеді.  Мемлекеттік емхана немесе жеке емханалар  болсын,  қызмет көрсету сапасы, заманауи техникасы, дәрігерлердің біліктілігі жөнінде ешқандай айырмашылық жоқ. Кез-келген ауруханасына кіріп, сапалы медициналық көмекті алуыңызға болады.

3. Жапония

Жапонияға жыл сайын емделу үшін 500 мың науқас туристер келеді екен. Жапонияда медицинаның барлық саласы бойынша өте білікті мамандар жұмыс жасайды.  Бұл ел азаматының орташа өмір сүру ұзақтығы 82 жас. Азаматтардың өмір сүру ұзақтығы денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігінің бір көрсеткіші болып табылады. Жапонияның медициналық технологиясы әлемдегі ең ұтымды технология деп танылған.БҰҰ мәліметі бойынша 2050 жылы Жапонияда жасы 100-ден асқан адам саны 1 миллионнан  асатын болады.

Screenshot_4.jpg

4. Израиль

Израиль  дәрігерлерінің біліктілігі жөнінде дүние жүзінде алғашқы ондыққа кіреді. Дәрігерлері өте білімді. Білімді дәрігер дегеніміз- сапалы медицинаның кепілі болып табылады. Осыдан-ақ  денсаулық сақтауда Израиль оқ бойы озып, өзге елдердің аузын аштырып кеткенін байқауға болады.

5. Германия

Немістердің емханалары  медициналық сақтандыру компаниялармен келісім шартқа отырады.  Сақтандыру негізінде бірігіп жұмыс жасап, сапалы медициналық көмекті жергілікті халыққа ұсынады. Германияда  күнделікті мыңдаған күрделі оталар жасалады.  Кез-келген ауруханалары күрделі оталарды жасауға дағдыланған. Техникалық базасы да заманауи үлгілермен жабдықталған.

6. Испания

Испанияда денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру және медициналық көмекпен қамтамасыз ету туралы заңнамалар өте жақсы жұмыс істейді. Бұл елде халық жақсы ақпараттандырылған және өзіне ең қолайлы, ең сапалы емнің түрін таңдай алады. Сол себепті Испанияны денсаулық сақтау саласында  ең үздіктердің қатарында. 

7. Италия

Италия үкіметі халықтың сапалы медицина алуына барлық жағдайды жасап қойған.  Бүгінде Италияда кез-келген медициналық көмек тегін көрсетіледі.Бұл елдің  азаматтары  қалаған ауруханаларына барып тегін ем қабылдауына құқылы.  Оған қоса, күрделі оталар да тегін жасалады. Яғни, Италия медицинасы қолжетімді болып саналады.

8. Австралия

Австралия азаматтарының 75 пайыз медициналық шығындарын мемлекет өзі көтереді екен.Қалған 25 пайызын  медициналық сақтандырулар есебінен төленеді. Әрбір медициналық мекеме сапалы қызмет түрлерін ұсынады. Аталмыш елде  сапалы медицина басқа елдермен салыстырғанда анағұрлым қолжетімді.

9. Оңтүстік Корея

Бұл елдің денсаулық сақтау жүйесіне тоқталатын болсақ, денсаулық сақтау жүйесі өзінің күрделілігімен ерекшеленеді. Бұл жүйеде медициналық көмек көрсету және денсаулық сақтауды қаржыландыру мемлкеттік және жеке секторды біріктіре отырып, міндетті медициналық сақтандыру негізінде жұмыс істейді. Медициналық көмек кең көлемде ауруханалардың деңгейінде ғана емес, амбулаториялық деңгейде де жүзеге асырады. Денсаулық сақтау жүйесі Оңтүстік Корея халқының сұранысына толықтай жауап береді.

10. Швеция

Швеция елінің экологиясы жағынан әлем бойынша бірінші орында келеді. Ауасының тазалығы, тамаша табиғаты адамдардың денсаулығына оң әсер етеді. Оған қоса, Швецария үкіметі  медициналық  шығындардың 97 пайызын өздері төлейді екен.

11. Швейцария

Швейцария ауруханалар мен емханалары  магниттік-резонанстық томографиялық аппараттармен жабдықталған. Ауруханаларындағы жаңаша әрі теңдессіз компьютерлік технологиялар емделушілерге жылдам әрі сапалы қызмет көрсетуде. Швейцария нейрохирургия, кардиохирургия , онкология және пластикалық хирургиядан алғашқы қатардан көрінеді.  Сонымен қатар Швейцария  дәрі шығарудан да әлемдік көшбасшылардың бірі. 

Тек – ұлттық мінезде
Ұйқысыздық себебі анықталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу