Кофе ерте қайтыс болу қаупін төмендетеді

Oinet.kz 22-12-2019 1694

Кофені шектен асырмай орнымен ішіп отыру обыр және жүрек ауруларына шалдығу қаупін төмендетіп, бауыр қызметін жақсартады және иммунитетті нығайтады. 16 жыл бойы 700 мыңнан аса адам туралы мәлімет жинаған ғалымдардың екі тобы осы дерекке көз жеткіздік деп жар салды. 

Screenshot_16.jpg

Алғашқы және екінші зерттеу Annals of Internal Medicine журналында жарияланды. 521 адам қатысқан бірінші зерттеу кофені неғұрлым көбірек пайдалану обыр, инсульт, жүрек аурулары мен қан айналым қиындықтарынан көз жұму қаупін соғұрлым төмендететінін көрсеткен. Оның үстіне тәжірибеге қатысушылар кофеинмен де, кофеині қосылған да кофе ішеді. Осыдан кейін тағы 14 мың адамға зерттеу жасап, ғалымдар кофе ішетін адамдардың бауыры жақсы жұмыс істейтінін және иммунитеті мықты екенін анықтаған.

Оңтүстік Каролина университетінің зерттеушілері 215 мың адамға қатысты мәліметті сараптай келе, ұқсас қорытындыға келген. Олардың зерттеуі бойынша, кофе ішу қай нәсілге жататыныңызға қарамастан обыр, инсульт, сусамыр және бүйрек ауруына шалдығу қаупін төмендетеді. Күніне кемінде бір шыны кофе ішетін адамның кофе ішпейтін адамға қарағанда ерте қайтыс болу қаупі 12 пайызға төмен. Ал күніне үш шыны ішу қауіпті 18 пайызға төмендетеді. Бұл зерттеу де кофе құрамында кофеиннің болу-болмауы алғашқы зерттеудегідей маңызды емес екенін көрсетті.

Ұйқының қанбауы күйзелістен құтқарады
Әлемдегі ең ұзын тіс
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу