Әйелдер ерлерге қарағанда ұзақ жасайды

Oinet.kz 22-12-2017

Қазақстанда ер адамдар әйелдерден гөрі 9 жас аз жасайды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты «Денсаулық сақтауды дамыту» республикалық орталығының бас директоры Айнұр Айыпханова хабарлады.

model-dddd.jpg

«Қоғамдық денсаулық сақтау деген жеке адамның емес, халықтық ауқымды шараларды қамту болып табылады. Қазақстан азаматтарының өмір сүру ұзақтығын арттыру осы Қоғамдық денсаулық сақтау қызметінің басты мақсаты. Өкінішке орай, Еуропаның дамыған елдерімен салыстырғанда қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы 8 жарым жылға қысқа. Яғни, Қазақстанда орташа есеппен адам 72 жас өмір сүрсе, Еуропада бұл көрсеткіш 80,6 жасты құрайды. Ал енді еркектер мен әйелдердің арасын салыстырсақ, Қазақстанда еркектер әйелдерден гөрі 9 жас аз өмір сүреді. Қазақстанда еркектердің орташа өмір сүру жасы 67,5 болса, әйелдердің жасы 76,5», - дейді Айнұр Айыпханова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәлихатында. 

Оның айтуынша, еркектердің әйелдерден аз өмір сүру себебі өсіп келе жатқан инфекциялық емес аурулардың кеселінен туындайтын көрінеді.

«Мысалы, қант диабеті, қан қысымы, созылмалы аурулар адамдардың өміріне қауіп төндіретін негізгі сырқаттар. Оған қоса Қазақстанда 15-29 жас аралығындағылар жол апатына жиі ұшырап, суицидтің кеселінен өмірімен қош айтысатындықтан еліміздегі жалпы өмір сүру ұзақтығы қысқа болып отыр», - дейді ол. 

Қарындағы майдың да пайдасы бар
Әлемдегі ең ірі бизнес - фармацевтика
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу