Саңырауқұлақ қартаюды тежейді...

Oinet.kz 22-12-2019 876

Америкалық ғалымдар ақ саңырауқұлақтардың қартаю процесін баяулататынын анықтады. Айтуларынша, оның құрамында қартаюды баяулататын екі антиоксидант бар. Зерттеу қорытындысы Пенсильвания штаты Университетінің сайтында жарияланды. 

Screenshot_11.jpg

Зерттеудегі мәліметтерге қарағанда, саңырауқұлақтардың құрамында эрготионеин және глутатион сияқты антиоксиданттар өте көп. Бұл заттар жасушалардың зақымдану кезінде организмді бейтараптандырады.  

– Саңырауқұлақтарда эрготионеин мен глутатионның сандары әр түрлі болды. Бірақ олардың ең көп мөлшері тек ақ түсті саңырауқұлақтарда. Сондай-ақ, тамақ істеу кезінде саңырауқұлақтарды термиялық өңдеу оның құрамындағы антиоксиданттарға әсер етпейді, – делінген ғалымдардың зерттеуінде.

Угги зиян ба?
Бесікте жатқан баланың омыртқасы түзу болады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу