Вирустар күшейіп бара ма?

Oinet.kz 18-01-2018 678

Screenshot_7.jpg

Антибиотиктерге қарсы тұрушылық 22 елдегі жарты миллион адамда - кедейлерде де, байлар да байқалған, деп жазады БҰҰ Жаңалықтар орталығы.  

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) сарапшылары хабарлағандай, антибиотиктерге төзімділік қалыптастырған бактериялар арасында ішек таяқшасы, сальмонелла, сондай-ақ алтын түстес стафилоккок пен басқа да пневмония, менингит және бірқатар қауіпті ауру қоздырғыштары бар. 

– Антибиотиктерге төзімділік мәселесі өте күрделі екендігін баяндама растап отыр. Ең көп таралған және ең қауіпті инфекциялардың кейбірі дәрілерге төзімді болып барады. Міне, сондықтан ДДСҰ барлық елдерді деректері жаһандық жүйеге түсіп отыратын төзімділікті бақылауға мүмкіндік беретін сенімді жүйе енгізуге шақырады , – деді ДДСҰ өкілі Марк Спренгер.

ДДСҰ өкілі айтқандай, қазіргі таңда 52 ел аталмыш жаһандық микробтарға қарсы дәрілерге төзімділікті эпидемиологиялық бақылау жүйесін қолданып отыр. 

Елжан Біртанов: «Дәрігерлік қателік үшін жазалауға болмайды!»
Адамның түшкіргеніне қарап мінезін білуге болады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу