Дұрыс түшкірмесе не болады?

Oinet.kz 18-01-2019 1093

Түшкіру – пайдалы процедура. Дегенмен жоғарыда аталған ережелерді сақтамайтын болсақ, оның салдары қиын болмақ. Әдетте көпшілік ортада, концерт залдары, лекция немесе жиындарда әдептілік сақтаймыз деп, келіп тұрған түшкіруді кері қайтаруға тырысамыз немесе даусы шықпасын деп мұрнымызды қысамыз. Бұл сыпайылықтың артында қандай трагедияның жатқанын білесіз бе? Түшкіргенде мұрынды қысып қалсаңыз құлақпен қоса тамақ, тіпті өкпеңізді де зақымдап алуыңыз мүмкін. Мамандар еркін түшкірмеу өлімге әкеліп соқтыруы мүмкін екенін де ескертеді. Әсіресе, мына жағдайдан кейін.

Screenshot_12.jpg

Ұлыбританияның 34 жастағы азаматы ауруханаға жедел түрде ауыр жағдайда жеткізіледі. Оның сөйлемек түгілі  жұтынуы мұң болды. Дәрігерлер денсаулығын тексерген кезде жұтқыншағының төменгі жағының жыртылып кеткенін анықтайды. Ақ халаттылар науқастың дем алған кезде өкпе, қабырға тұсынан бір түрлі ғырылдаған дыбыстың да шығып тұрғанын аңғарады. Сөйтсе ер кісінің өкпесіне ауа тереңдеп кіріп кеткен екен. Пациент дәрігерге түшкірген кезде оны ұстап қалуға тырысып, аузы-мұрнын жапқанын ыммен түсіндіреді. Міне, гәп қайда жатыр. Өпкеден жоғары жылдамдықпен келе жатқан ауа тамақтан өтіп мұрыннан шығу тиіс. Ал мұрынды бітеген кезде кері қайтқан ауа тамағыңызды зақымдайды да өкпеге қайта қонады. Мамандардың айтуынша бұл өкпеге ғана қауіпті емес, сондай-ақ құлақтың дабыл жарғағын да жарып жібереді екен.

Түшкіре алмай қиналғанда не істеу керек?
Адам неге түшкіреді?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу