Кока-кола дәрі болған

Oinet.kz 10-01-2020 1626

Дәрігерлердің денсаулыққа зиян деген дабыл қаққандарына қарамастан кока-кола сусынынан бас тарта алмай жүрген жандар қаншама. Жалпы кока-кола сусынының өзге маркаларға қарағанда жасы үлкен. Сондай-ақ оның құрамы бүгінге дейін бірнеше рет өзгеріске ұшыраған. Сөйтсек кекіртетін су нарыққа  алғашқыда дәрі ретінде шыққан екен. 

Screenshot_24.jpg

Америкалық фармацевт Джон Стит Пембертон  сусынды 1886 жылы осы атаумен жүйке жүйесіне, бас және асқазан ауруына ем ретінде шығарды. Тіпті балалардың  тіс ауруына да жарады. Дәрі кока (құрамында кокаины бар өсімдік) жапырағынан және кока ағашының жаңғағынан әзірленді. 1903 жылы АҚШ-тағы компанияның басы дауға қалды. Өнімді тұтынған халық өздерін нашар сезініп, масайтатынын сезінген. Ел шулап қоя бергесін компания сұйық дәрінің құрамын өзгертуге мәжбүр болды. Енді олар коканың балғын жапырағын емес, кокаины сығылған жапырағын қолданды. Даулы мәселеден кейін кока-кола дәрілік зат ретінде емес бүгінгідей жәй ғана сергітетін сусын ретінде сатыла бастады. 

Пайдасынан зияны басым сусындардың медицинада қолданылуы жиі кездесетін жәйт. Мәселен, сыра да кола секілді XIX ғасырға дейін Ресейде ем үшін пайдаланылды. Дезинфекция жасауға тапсырмас құрал деп қолданылған сыраны дәрігерлер тәуір болып келе жатқан науқастарға қуат береді деп ішкізген. Қызығы сол Германиядағы сыра институтының мамандары 1 литр тазартылмаған сыра 1 литр сүтке қарағанда денсаулыққа 10 есе  пайдалы екенін ғылыми түрде дәлелдеп шығыпты. 

Купюрадағы медиктер
«Фигурный» таблеткалар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу