Аллергия және одан емделу жолдары

Oinet.kz 10-01-2020 1402

Screenshot_17.jpg

Бүгінде ең көп тараған аурулардың бірі – аллергия. Мамандардың айтуынша, орташа есеппен әрібір үшінші адам аллергиядан зардап шегеді екен. Бұл туралы бізге Шымкент қалалық көпсалалы ауруханасының аллергология-пульмонология бөлімі меңгерушісі Сәрсенкүл Қалмаханқызы айтып берді.

Қазір аллергиялық аурулардың түрлері дүние жүзінде көбеюде. Ғалымдар аллергияны ХХІ ғасырдың тез дамып жатқан ауру түріне жатқызады. 

Біз жоғарғы оқу орнында оқып жүргенде аллергиялық ауру мүлдем жоқ болатын. Бұл ауру 10-15 жыл сайын екі есеге артып жатқанын байқадым. Статистикаға сенсек, жер шарындағы адамдардың орта есеппен 30 пайызы аллергиямен ауырады екен. Ғалымдар «енді он жылдан кейін аллергияға қарсы тұра алмаймыз» деп дабыл қағуда. Олардың дерегі бойынша, 2018 жылы әлемнің жарты бөлігі аллергияға шалдығатын көрінеді. Басты себебіне тоқталатын болсам, аллергия түрлері экологияның күрт нашарлауынан, табиғи таза тағам тұтынудың азаюынан өршиді және тұқым қуалау арқылы берілетіндері де бар. Аллергия инфекция емес, ол бір адамнан екінші адамға жұқпайды. Дегенмен аллергиясы бар адамдардың балалары да осы кеселге бейім келеді, яғни дерт тұқым қуалайды.

Барлығымызға белгілі, көктем мезгілінде аллергия өрши түседі. Ағаштар бүршік жара бастайтын қазіргідей кезде ел ішінде жөтеліп, түшкіріп, тынысы тарылып, көзі жасаурайтындар көбейе түседі. Бұл – көктемгі аллергия. Көктем кезінде көтерілетін аллергия өсімдіктерден, шаң-тозаң мен темекі түтіні, көліктен шығатын улы газдан өршиді. Құрт-құмырсқа белсенді қимылға көшкенде қозатын аллергия да бар. Ол ас қорыту (іштің ауруы, іш өту, құсу), тыныс алу ағзалары (мұрыннан су ағу, көздің жасаурауы, тыныстың тарылуы), тері арқылы (қышыну, есекжем, жара, ісік) білінеді. Қазіргі мезгілде «поллиноз» ауруы артады. Полиноз дегеніміз- гүлдерге, шөптерге, жусандарға, жапырақтарға пайда болатын аллергия. Бұл ауру ерте көктемнен қараша айына дейін жалғасады. Қыс келумен көптеген алллергия түрлері басылады. Сондай-ақ күнделікті өмірдегі күйзеліс те осы ауруға себепші болады екен. Тағы бір түрі – химиялық нәрсеге (дәрі-дәрмек, сабын, тағам) ағзаның кері әсер беруінен туындайтын кесел. Дегенмен ол әркімде әр түрлі өршиді: біреулерде дене тастай болып ісініп, дуылдай қышыса, екіншілерінде мұрыннан су ағып, көздері жасаурап, қызарады немесе тыныс ауырлап, демікпе басталады. Адам айтса сенгісіз, дегенмен ит, мысықтарға, үй жануарларына, малдың жүндеріне, тіпті күн сәулесіне де аллергия пайда болады. Мұндай кезде адамдар дертіне өзі-ақ диагноз қойып, дәріханадан дәрмекті нұсқаусыз алып, пайдалана береді. Кеселдің кеңге қанат жаюына осы жай себеп. Өйткені аурудың нақты себебін анықтамайынша ем нәтижелі болмайды, қайта асқынып, демікпеге ұласуы мүмкін. 

Ауруын жеңілдету үшін науқастар синафлан жақпа майларын пайдаланады. Аталмыш майды бір аптадан артық қолдануға болмайды. Себебі бір аптадан артық пайдаланса тері артрофиясына алып келеді. Бетке жағуға мүлде болмайды. Кейбір науқастар осы сынды майларды бір жыл пайдаланады. Науқастың айтуы бойынша олар майды жаққан кезде аллергия кетеді. Кейін бір-екі аптадан соң қайта пайда болады. Сосын амалсыз, біздің орталыққа келіп, медициналық көмек сұрауға мәжбүр болады. Ал, паллинозы бар науқастар дипроспан ампуласын салдырып  алты ай ауырмай жүреді. Тереңірек үңілетін болсақ дипроспан ампуласы ұзақ әсер ететін гармон. Оның бір ампуласы он бес таблетка преднизолонды күнделікті қабылдаумен тең. Мәселен, мен науқасқа күніне он бес таблетка пренизалонды қабылда десек, ол бас тартатын еді. Ал дипроспанды өздері барып салып, бауыр, бүйрек, сүйек, жыныс мүшелерін отырғызуда. Егер қайта-қайта дипроспанды сала берсе мүгедекке айналады. Осы сияқты маңызды мәселелерді науқастар білмейді. Сондықтан өзін-өзі емдеуге дәрігер ретінде қарсымын. Егер аллергияны уақытылы емдемесе бронх демікпесі, анафилактикалық шок ауруына душар болуы мүмкін. 

Қазіргі уақытта 1 жасқа дейінгі балалардың 90 пайызы диатезге шалдығады. Диатез де аллергия. Бұл 100 баланың 90-ында аллергияның бар екенін дәлелі. Тіпті сиырдың сүтінен балаларда дерматит сияқты ауру жиі кездеседі. Бұның барлығы таза тағамдарды пайдаланбау, экология нашарлануының организмге әсері. Бір өкініштісі, аллергия жыл аралатып мазалай береді. Сонымен қатар, соңғы уақытта жи кездесетін ауру аллергиялық ринит деп аталады. Дер уақытында емдемесе бронхиалды астмаға ұласатын ринит көбіне әртүрлі шөптердің, ағаштардың, гүлдердің тозаңы, үй-ішінің шаң-тозаңы, химиялық заттар, тамақ түрлері (сиыр сүті, жұмыртқа, шоколад, цитрустар, балық, күріш, бидай, қызыл және сары жеміс-жидектер) және кез келген дәрі-дәрмектен туындайды.

Аллергия мазаламау үшін не істеу қажет? 

Ең алдымен витаминдерге бай тағамдармен тамақтаныңыздар. Тағам түрлеріне аллергиясы бар адам дар гиппоаллергендік диета сақтауға тиіс. Түрлі фаст-фудтар, қоспалар, бояғыш заттар, газды сусындар аллергияны қоздыра түседі. Керісінше, табиғи таза өнімдерді тұтыну керек. Пайдалы ботқалар, ет сияқты тағам¬дарды жеу керек. Бөлмені желдетіп, ауасын жиі тазартып тұрған дұрыс. Ал шаң-тозаң иісі сезілсе түшкіре жөнелетіндер өсімдіктің гүлдейтін кезеңінде қасына жоламау керек. Сондай-ақ далада таңғы уақытта, сағат 6-дан 10-ға дейінгі аралықта жүрмеңіз. Себебі осы уақытта өсімдіктер тозаңды көп бөледі. 

Салауатты өмір салтын ұстанып, дұрыс тамақтанып, күйзелістен аулақ жүруге тырысыңыз. Жоғарыда айтып өткендей эклогия да әсер етеді.  Тәрбие – бесіктен” демекші, әрбір ата-ана отбасында балаға өзін қоршаған ортаны таза ұстауға тәрбиелеуі керек.

Аллергияның емдеу жолдары

Медицинаның қарыштап дамыған заманында аллергияның да емдеу тәсілдері жолға қойылып келеді. Соның бірі – арнайы екпелер. Аллергия жас талғамайды. Қозатын аллергиялық реакцияның күші де әртүрлі болады. Оған аллергендердің көлемі және түрі байланысты емес. Ең жиі аллергиялық реакция тері мен кілегей қабықтарда кездеседі. Ал соңғы жылдардың тағы бір жаңалығы – аллергияның іш құрылыстарында да болуы. Ал негізінен аллергияны қыста емдеген жөн. 

Аурудың әртүрлі белгілері болады. Адамдардың көбі бұл аурудың қайдан шыққанын түсінбей, вирустық инфекция деп қателеседі. Дұрыс анықтамай, уақыт созып, жүріп алса, науқастың аллергиясы астмаға да айналып кетуі мүмкін. Аллергиядан толық арылу бірнеше жылдарға жалғасуы мүмкін. Одан құтылу үшін шыдамдылық әрі әжептәуір қаржы да керек. Өйткені дәріханаларда сатылатын аллергияға қарсы дәрмектер өте қымбат. Оның үстіне, ол препараттардың барлығы бірдей дертке шипа бола бермейді. Сондай-ақ, бірнеше аллергенге сынақ жасау да әжептәуір ақшаны қажет етеді.

Жазып алған Дана СҮЛЕЙМЕНОВА

Влияют ли СПИД и туберкулез на бизнес?
Как защитить себя от диабета
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу