Бір долларға сатылған инсулин

Oinet.kz 10-01-2020 782

Screenshot_27.jpg

Жер шарының 10-15 миллионға жуық тұрғыны қант диабетінен зардап шегеді. Оларды құтқарудың жалғыз жолы – инсулин екпесін салу. Бұл препаратсыз науқастар бүгінде бақилық болар ма еді. Ал инсулинді кім ойлап тапқан? 

1920 жылы зерттеулер нәтижесінде кандалық жас хирург, физиолог Фредерик Бантинг пен студент-медик Чарльз Бест әлі дүниеге келмеген бұзаудың ұйқы безінен инсулинді жасап шығарды. Препарат алғаш рет 1922 жылы Торонтодағы балалар аурханасында тәжірибеге енгізілді. Қант диабетінің ауыр түріне шалдыққан 14 жасар балаға дәрігерлер инсулинді егіп, аман алып қалды. Осы оқиғадан кейін инсулин нарыққа шыға бастады. Ал дәріге деген патент Торонто университетіне бір долларға сатылды. Елге пайдалы жаңалығы үшін жас ғалымдарда да құр алақан қалған жоқ. Бір жылдан кейін Фредерик Бантинг Нобель сыйлығына ие болды. 

Әр жаста қалыпты қан қысымы қандай болу керек?
Андролог деген кім?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу