Инсульт дегеніміз не?

Oinet.kz 16-04-2018 832

Инсульт – ми қанайналымының бұзылуымен байланысты ауру, нәтижесінде мидың белгілі бір бөлігіндегі қанайналымы төмендейді немесе толығымен тоқтайды. Бүгінгі күні инсульт халықтың өлім-жітім себептерінің арасында екінші орында тұр. Сондай-ақ, инсульт мүгедектікке әкеп соғатын аурулардың ішінде бірінші орынға ие. Инсульт алған адамдардың 80 пайызы мүгедектікке ұшыраса, соның ішінде 25 пайызға жуығы қалған өмірінің барлығында тұрақты түрде күтімді қажет етеді.

Инсульттің негізгі үш түрі бар – ишемиялық инсульт және геморрагиялық инсульт (қан құйылу), оның екі типі бар – миішілік және субарахноидалды. Қан құйылу тамырлардың жарылуы салдарынан, негізінде жиі қан қысымының жоғарылауынан болады. Тамырдан шыққан қан қуыс тәрізді қан гематомасын немесе ісік жасап, бас миы тінінің қабырғасын жылжытады.

Screenshot_5.jpg

Ишемиялық инсульт ми инфаркты деп те аталады. Бұл ауру көбіне 50-60 жастан жоғары адамдарда пайда болады. Ишемиялық инсульт инсульттің басқа түрлеріне қарағанда жиі кездеседі әрі оқиғалардың 80 пайызын құрайды. Оның себептері ми жасушаларына оттегін жеткізуге жауап беретін артериялар бойынша қан жүруінің бұзылуымен байланысты ми қабырғалары тарылады немесе бітеліп қалады. 

Миішілік қан құйылу шамамен орташа жас мөлшері 45-55 жас және мидағы қан ағысы бұзылуының барлық түрлерінің 10 пайызға жуығын құрайды. Қан құйылудың пайда болуының негізгі себебі гипертониялық ауру болып саналады. Осы патологияға әкеп соғатын басқа аурулар – атеросклероз, жүрек-қан тамыры жүйесіне әсер ететін қабыну процестері болып табылады.

Субарахноидалды қан құйылу ми қабығы тамырларының жарылуы нәтижесінде пайда болатын бас миы мен оның қабығы арасында пайда болған гематомалар. Бұл 30-60 жастағы адамдарда пайда болатын инсульттардың ішіндегі ең жасы боп саналады. Ауру себептері негізінен зиянды әдеттер (темекі тарту, ішімдікті ұзақ пайдалану немесе ішімдікті үлкен мөлшерде бір-ақ рет қолдану). Инсультқа себепкер артық салмақ, артериялық гипертензия болуы мүмкін. Ол аяқ астынан немесе бас сүйек-ми жарақаты нәтижесінде пайда болады. Инсульттің осы түрінің себепшісі шамадан тыс физикалық жүктеме болуы мүмкін, мысалы, ауыр затты көтеру, қан қысымының көтерілуімен байланысты жүйкеге күш түсу. Субарахноидалды қан құйылудың аневризма және оның қасындағы құрылымдардың (көз қарашығының ұлғаюы – көзді қозғап тұратын нервті аневризманың басып тұруы) қысымымен шақырылатын симптомдары болады. Симптомдар инсультқа дейін 2-3 аптада білінеді. 

Егер қалыпсыз жағдайды дер кезінде байқасаңыз, дәрігерге қаралыңыз. Ол люмбальді функция немесе компьютерлік томография көмегімен Сізге диагноз қояды. Осы шара аневризманың орналасқан жерін уақытында анықтауға және оны жоюға мүмкіндік береді. Диагностика жасау үшін кейде магнитті-резонансты томографияға және компьютерлік томографияға жүгінеді, сол арқылы гематоманың орналасқан жерін анықтауға болады.

Инсульт симптомдарын екі категорияға бөлуге болады: жалпы ми және ошақты.

Жалпы ми симптомдары жүрек айну немесе құсумен көрінетін қатты бас ауруы, ұйқышылдық, кейбірулер үшін кері әсер тән – қатты қозу, есін жоғалту және бұзылу, бас айналу, кеңістікте немесе уақытқа бағдарын жоғалту, жүрек қағысы, тершеңдік және ыстықты сезіну.

Ошақты симптомдары мидағы қалыпты қанайналымының қай бөлікте бұзылғанына байланысты болады. Мидың әрбір бөлігі белгілі бір қызметке жауап береді, демек, мидың әртүрлі бөлігіндегі қанайналысының бұзылуы әртүрлі симптомдар – тепе-теңдік, көз көру, сөйлеу арқылы көрінеді. Қозғалыстың үйлесімін жоғалту бастың айналуымен және құсумен көрінеді. 

Ең қауіптісі ишемиялық инсульт болып табылады, себебі оның бастапқы кезеңінде анық симптомдары байқалмайды. Ол тіпті байқалмауы да мүмкін, мысалы, бас ауруы, бас айналу, құсу түрінде бірде көрініп, бірде көрінбейді. 

Ми қанайналымының өткінші бұзылуы деп аталатын түрі де бар, оны микроинсульт деп те атайды. Ол адам денсаулығының бірден өзгеруімен сипатталады – сөйлеуі, жүріп-тұруы бұзылып, жартылай немесе толық соқырлық байқалады. Микроинсульт адам денсаулығының уақытша бұзылуымен сипатталады, белгілі бір уақытта (бірнеше минут не сағат) оны қалпына келтіруге болады. Алайда адамның өзін-өзі қалыпты сезінуі ұзаққа бармайды, сондықтан мұндай жағдайда ауруханаға жатып емделу міндетті. Өйткені осындай патологиялық жағдай нағыз инсульттің алғашқы хабаршысы болып табылады.

Келесі қауіп-қатер факторларына ерекше тоқталғым келеді – темекі шегу. Никотин салдарынан тамырлардың түйілуі, оларда жүректің ишемиялық ауруының негізгі себепкері болып табылатын атеросклеротикалық түйіндер пайда болады. Темекі шегуден бас тарту инсульттің пайда болуын екі есе төмендетуге мүмкіндік береді. Жүрек қағысының бұзылуы жүрек бөлімдерінде қанның тоқтап қалуы тамырлардың бітелуіне қатысатын қанның ұюына әкеледі. Артериаялық гипертензия тамырлардың жарылу мүмкіндігін арттырады. Қант диабеті липидтік алмасудың бұзылуымен (холестерин түйіндерінің пайда болуы) және артериялық қысымның көтерілуімен көрінеді. Сонымен қатар қатер факторына артық салмақты, ішімдік ішуді, жүрек ауруы мен жас мөлшерін де жатқызуға болады. Осы факторлардың болуы ми қанайналымы бұзылуының мүмкіндігін арттырады, сондықтан өз ағзаңыздың жағдайын бақылап отыру өте маңызды. Ол өмірге қауіп төндіретін патолоиядан қашуға мүмкіндік береді.

Инсульт кезінде зардап шеккен адамды таза ауа кіретіндей бөлмедегі төсекке жатқызыңыз, дем алу үшін тынысын тарылтатын киімдерін шешіңіз. Егер науқас құсқан болса, аузындағы құсықты тазалаңыз. Алғашқы көмектің дұрыс көрсетілуі өте маңызды, себебі инсульттің жүруі мен салдары дәл соған байланысты болады. Науқасты тасымалдау тек жатқызған күйінде жасалады. 

Инсульттің алғашқы және екінші реттік профилактикасы бар. Алғашқы профилактика мидағы қанайналымына жауап беретін тамырлар патологиясын, гипертония ауруын, артық дене салмағын жоюға бағытталған. Екінші реттік профилактика инсульттің қайталануына жол бермеуге бағытталған, оған түйіндерді жоюға және алдын алуға бағытталған дәрі-дәрмектің немесе хирургиялық араласудың көмегімен қол жеткізуге болады. Инсультті емдегенге қарағанда оның алдын алған тиімді болатынын есте сақтаңыз. Жүрек-қан тамыры жүйесінің жұмысына тұрақты түрде диагностика жасатып тұрыңыз, сонда осы бір қауіпті ауру сізге ешқашан жоламайды.

Айдар ТҮЙМЕБАЕВ, 

Төлеби аудандық ауруханасына қарасты жедел жәрдем бөлімінің фельдшері

Ұлттық ойындар баланың дүниетанымын дамытады
Мұқан Егізбаев: «Суицидттің алдын алу үшін жаңа жоба жүргізіледі»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу