Ауыстырылмаған бетперде – вирустың резервуары

Oinet.kz 11-12-2018 649

Screenshot_16.jpg

Жіті респираторлы вирусты инфекция (ЖРВИ) ауруларына тұмау және жоғарғы тыныс жолдарын зақымдайтын бірнеше сырқат түрлері жатады. Дерт адамнан сау адамға жөтелген, түшкірген кезде ауа тамшысы арқылы беріледі. 

Тұмау мен ЖРВИ клиникасы кенеттен басталады. Дене қызуының көтерілуімен 38-39 С-ға дейін, әлсіздену, бас ауырып адам дел-сал күйде болады. Сонымен қатар құрғақ жөтел, тамақтың жыбырлауы, дауыстың қарлығуы кеуденің ашып ауруы орын алады. Егер ауырған адам дер кезінде емделсе тұмаудан 5-7 күн ішінде айығып кетуге болады. Бұл аурулардың  қоздырғыштары әртүрлі вирустар (А, В, С) және олар әлемде кең таралған. Әрбір ересек адам кем дегенде жылына 2 рет, оқушылар 3 рет, мектеп жасына дейінгі балалар, 6 ретке дейін тұмау  немесе ЖРВИ мен ауырады екен. Біздің өіңрде тұмаудың бас көтеруі суық түскен кезде, қыс айларында басталып, кейде көктемге дейін созылуы мүмкін. 

Тұмау – өздігінен жағымсыз ауру, дегенмен оның иммундық жүйесі әлсіз қарт адамдар мен балалар емделмегенде немесе сәйкессіз ем қолданғанда, режим бұзылған кезде дамитын асқынулары өте қауіпті.

1. Бронх қабынуы – ауру басталғаннан кейінгі бір аптаның ішінде жөтел басыла қоймайды, көп мөлшерде іріңді (сары, жасыл, сұр) қақырық бөлінеді.

2. Пневмония – вируспен зақымдалған шырышты қабық арқылы кірген бактериялардың салдарынан туындаған өкпе тінінің қабынуы. Сырқат азапты жөтелмен, науқастың жалпы жағдайының нашарлауымен, температурасының көтерілуімен сипатталады.

3. Менингит және энцефалит – ми мен ми қабығының ауыр қабыну аурулары. Ауру көбінесе балаларға тән – ересектерде мұндай асқынулар өте сирек дамиды. 

Тұмаудың алдын алу пайда болған ауруды емдеуге қарағанда әлдеқайда тиімдірек. Тұмаудың алдын алуға бағытталған шараларды жыл бойы сақтаған жөн – дұрыс тамақтану, шынығу иммунитетті арттырып, тұмауға қарсы тұрудың оңтайлы амалдары.

Вакциналау – тұмаудың алдын алудың негізгі медициналық әдісі. Вакцинаны індет басталғанға дейін 1-2 ай бұрын егеді.

Мақта-дәке таңғышын тағып жүру вирустың тыныс алу жолдарына түсуін тежейді. Бұл ретте бетперделерді әрбір 3 сағат сайын ауыстыру ұсынылады. Өйткені олар қақырықты өте тез сіңіреді және уақтылы ауыстырмаған кезде ол вирустың резервуары болады.

Үй-жайды жиі желдету керек. Себебі ауа қарқынды алмасқан кезде ауада вирустардың шоғырлануы, тиісінше инфекцияны жұқтыру мүмкіндігі аз болады.

Витаминдер мен ақуызға бай, иммунитетті арттыратын тағамдарды (пияз, сарымсақ, шөптен, итмұрыннан және қарақаттан жасалған сусындарды және  ашытқан қырыққабат, мүгжидек, лимондар, киви, мандариндер, апельсиндер, грейпфрут сияқты құрамында С витамині көп басқа да өнімдерді) тұтыну керек.

Мұрынды шаю – әсіресе жұмыстан, мектептен, қоғамдық көліктерден шыққаннан кейін мұрынды жуып-шаю өте маңызды.

Індет кезінде адамдар көп шоғырланатын жерлерден аулақ жүрген пайдалырақ. Халық көп жиналатын орындарға барар алдында мұрын қуысына ұдайы оксолин майын жағып отыру керек.Үйді үнемі ылғалды тазалап отыру қажет.

Тұмау індетінің басталуымен интерферон және интерферонның индукторлары, кейбір вирусқа қарсы дәрі-дәрмектер қолданылады. Дерт асқынғанда науқасты ауруханаға жатқызып, кешенді емдеу шараларын жүргізеді.

Тұмау – ауыр және қауіпті дерт. Алайда, күз бен қыс мезгілдерінің басталуынан қорқып, үрейленбеңіздер. Салауатты өмір салты тұмаудың алдын алуға көмектеседі. Дендеріңіз сау болсын!

Г.ЗӘУІРБЕК,

Түркістан облыстық клиникалық ауруханасы, 

№4 емхана дәрігері

Травмы и ушибы: как оказать первую помощь?
Семейное счастье оказалось зависимо от добрачного сексуального опыта
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу