Скрининг шығынды азайтады

Oinet.kz 21-05-2020 787

Қазір бүкіл әлем бойынша қатерлі ісікке шалдығушылар саны артып отыр. Бүгінде обыр өлім-жітім саны жағынан жүрек-қан тамыры жүйесінен кейін екінші орынға шықты. Көптеген адамдардың бұл диагнозды үкім ретінде қабылдайтыны рас. Бірақ қазіргі заманғы медицина мен ғылым онкологиялық аурулардың басым бөлігін емдеуге мүмкіндік береді.

Зачем нужно проходить скрининг

Өткен жылы Қазақстанда 181 мың адам қатерлі ісікке шалдыққан. Оның 3996-ы Алматы қаласында анықталса, 3648-і – Шығыс Қазақстан, 3614-і – Қарағанды, 2695-і Алматы облыстарының тұрғындары. Ресми деректерге сүйенсек, былтыр қатерлі ісіктен 14 мың 406 отандасымыз көз жұмған. Онкологиялық аурулардан болған өлім-жітім көрсеткіші бойынша Шығыс Қазақстан (1757) және Қарағанды (1284) облыстары, сондай-ақ, Алматы қаласы (1611) көш бастап тұр.

Егер дер кезінде скринингтік зерттеулер жүргізілсе онкологиялық аурулардың басым бөлігін ерте анықтауға болады. Обырды дер кезінде анықтау ем-домның нәтижесін арттырып, пациенттердің өмірін ұзартуға, өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Мысалы, сүт безі обырын бастапқы кезеңде анықтаған жағдайда науқастардың 94 пайызын толық емдеп жазуға болады. Ал, емге кететін шығын 200 есеге қысқарар еді.

Биыл аталған скринингтік бағдарламаларға мемлекет 4,3 млрд теңге бөлді.

Меңді алдыртқан дұрыс па?
Қандай тағам тұтынып жүрсіз?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу