Көзбен ойнаған модель

Oinet.kz 20-05-2020 712

30 жастан асқан модель Надин Бруна пластикалық операция десе бір бүйрегі бұрып тұратын жанның бірі. Ол пластикалық отаның көмегімен мұрнын, ернін, жағын түзулетіп, төсін, бөксесін үлкейткен. Оның ендігі арманы көзінің түсін өзгерту еді. 

20175220.051589.1576.jpeg

Денесіне эксперимент жасағаннан қорықпайтын қыз ақша жинап, ақыры көзіне тату жасатады.  Оның арманы қоңыр көздің аспан көк түске айналуы еді. Пациентке қалаған отасы жасалады. Бойжеткен наркоздан оянғанда көзіне байланған үлкен дәкені ғана байқайды. Дәрігерлер бірнеше күннен кейін көзінің түсін өзгеретінін айтып сендіреді. Алайда Надиннің сол күннен бастап көру қабілеті төмендей берген. Өзі қалаған аспан көгі қызылға айналды. Ақ халаттылардың айтуынша ота кезінде оның көз жүйкелеріне зақым келген. Салдарынан катаракта және глаукома пайда болған. Қазір экс-модель жарық әлемді көре алмайды. Бруна көз жанарынан айырған адамды сотқа бермепті. Сірә, ол бұл оқиғадан сабақ алмаған тәрізді. Жақында  БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында ол пластикалық операцияны жасатуды тоқтатпайтынын айтыпты. 

Біреулер үшін күннің сәулесін, ағып жатқан өзен мен жапырағы жайқалған ағашты көру арман. Кейде  қос жаранына нұр біткендер көздің қадіріне жетпей жатады. Көздің ағы-қарасымен ойнауға болмайтынын өмір өзі дәлелдеп беріп отыр. Сонда да болса сәннің соңына түскендер азаяр емес.  

Көз ішіндегі пирсинг тату кезекті сән бе әлде қорқынышты тренд пе?!
Мерез жазылмайтын дерт емес
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу