Тамақтануда түске мән беріңіз

Oinet.kz 25-05-2020 648

Тамақтануда ыдыс-аяқ таңдауға көңіл бөліңіз. Семіздікпен күресіп жүрсеңіз, ыдыс-аяқтың түсі ашық болғаны дұрыс. Ал керісінше, арық адам болсаңыз, ыдыс-аяғыңыздың түсі қою болғаны жөн. 

image.png

Адамның тоюы ыдыс-аяққа ғана емес, тамақ түсіне де байланысты екен. Мысалға, тез тамақтану орындарын еске алайық, ондағы сәндік декоративтік дизайн барынша қою түсті болып келеді. Қызыл, қою сары және сары түстер көп. Бұл түстер тәбетіміздің ашылуына сеп болады. Ал қымбат мейрамханаларда тұтынушыларды ұзақ уақыт отырғызу үшін салқын әрі адам психикасына әсер етпейтін түстерден құрылған интерьер жасалады.  Тағы бір айта кетерлігі, егер тамақ түсі мен ыдыс-аяқ түсі бірдей болса, адам баласы өз мөлшерін білмей, көп тамақтанып қояды екен. 

МРТ аппараты
Миымыз сынды көтере алмайды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу