Концерт өміріңізді ұзартады

Oinet.kz 25-05-2020 775

Адам өзінің сүйікті әнші, музыканттың концертіне барса өмірі ұзара түседі екен. Мұндай тұжырымды лондондық ғалым Патрик Фаган жасапты. Оның зерттеуі бойынша тіпті 20 минуттық концерттің өзі адамның жақсы сезінуін 21 пайызға арттырады. Сондай-ақ  концерттер «әл-ауқаттың деңгейі мен өмір сүру ұзақтығының 9 жылға арттыратынын» көрсеткен. 

image.png

Зерттеуге қатысқандар арнайы психометрикалық тесттер мен жүрек соғысының жылдамдығы сынақтарынан өтті. Нәтижелерге қарағанда, концертте болған адамдардың өзін-өзі жақсы сезіну деңгейі 25 пайызға өскен. Ғалымдар екі апта сайын концертке баратындардың бақытты әрі өз өмірлеріне қанағаттанатындығы туралы қорытындыға келді. 

Екпе қабылдаған бала
Ішектегі сырахана
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу