«А» вирусты гепатиті туралы не білесіз?

Oinet.kz 26-05-2020 769

«А» вирусты гепатиті (ВГА) – бауырды зақымдай отырып жүретін жіті жұқпалы ауру. 

«А» гепатитінің клиникалық белгілері – қалтырау (дене қызуының көтерілуі), әлсіздік, жүрегі айну, құсу, ішінің ауруы, оң жақ қабырға астының ауырсынуы, тәбетінің төмендеуі, бас ауруы, сарғаю. Аурудың клиникалық белгілері жеңіл сарғаю түрінен ауыр ағымға өтіп, өлім жағдайына дейін алып келуі мүмкін. 

Без названия (1).jpg

Науқас вирусты аурудың алғашқы кезеңінде бөледі, сондықтан клиникалық белгілері білінгенге дейін ауру көзі болып, басқаларға жұқтырады. «А» гепатитінің вирусы адам ағзасынан нәжіспен және зәрмен бөлініп, суды, тағамды және қолданыстағы заттарды зақымдайды. Аталған аурудың вирусы жоғары зақымдағыш қабілетке ие, ол адам ағзасына ауыз қуысы арқылы зақымданған су, тағамдық өнімдер, сонымен қатар науқаспен қатынаста болғанда жеке бас гигиенасын сақтамағанда лас қол арқылы жұғады. Адамдар «А» гепатитімен жылдың кез келген мерзімінде ауырады. Дегенмен, көбіне жаз, күз айларында шалдығады. 

Жұқтырған күнінен бастап ауру белгілері 7 күннен 50 күнге дейінгі аралықта пайда болады. Сарғаю белгілері білінгенге дейінгі мерзімдегі науқастар өте қауіпті, бұл кезде науқас вирусты көптеп бөледі. Сарғайғаннан кейін науқас вирусты аздап бөліп, соңынан толық тоқтайды. Ауруды ерте анықтап, уақытылы ауруханаға жатқызу жұқпаның таралуының алдын алады. 

Бүкілодақтық денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша жыл сайын әлемде «А» гепатитімен 1,5 миллион адам ауырады. Санитариялық жағдайы төмен елдерде жоғары деңгейде тіркеледі. Ауыз су тапшылығы, нашар су және канализация жүйесінің, тұрғылықты тұрғындардың гигиеналық деңгейі төмен жақта дамыған елдердің адамдары барған кезде жұқтыруы мүмкін. «А» гепатиті саяхатшы ауруы деп себепсіз айтылмаса керек. 

«А» гепатиті аса қауіпті ауруға жатпайды, бірақ кей жағдайларда ауыр бауыр жетіспеушілігіне алып келеді. Дәрі-дәрмектік ем қабылдамаған жағдайда, комаға, ары қарай өлім жағдайына алып келуі мүмкін. 

Алдын алу іс-шаралары: 

- жеке бас гигиенасын сақтау, сырттан келгенде, тамақ ішер алдында немесе дәретханаға барғаннан кейін қолды мұхият сабындап жуу; 

- кездойсоқ кездескен су көзінен немесе құбырдан аққан суды ішпеңіз, тек қайнатылған су ішіңіз. Есіңізге сақтаңыз вирус суды 100 градус қайнатқанда, тек 5 минуттан кейін ғана өледі; 

- шомылуға арнайы бөлінген жерлерде ғана шомылыңыз; 

- жеміс-жидекті қолданар алдында мұқият жуыңыз; 

- тағамдық өнімдерді белгісіз адамдардан немесе рұқсат етілмеген жерлерде сатып тұрғандардан алмаңыз; 

- үй жағдайында тамақ дайындар алдында гигиеналық ережелерді және тез бұзылатын өнімдердің жарамдылық мерзімін сақтау керек; 

- тағамдық өнімдерді мұқият қуыру немесе қайнату қажет. 

«А» вирусты гепатитінің алдын алудың тиімді әдістерінің бірі – вакцинация. Вакцина егу 2 курстан тұрады, адам алғашқы егуін алғаннан кейін, 6 айдан кейін екінші егуін алады. 

Ауруды емдегеннен, алдын алудың тиімді екенін есте сақтаңыз! 

Ж.ЖАҚСЫЛЫҚОВА,

ТКҚСҚБД бас маманы. 

Бала емізу омырау обырынан қорғайды
Как защитить будущего ребенка от ВИЧ-инфекции
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу