«Кей адамда жасырын қан тамыр болады»

Oinet.kz 26-05-2020 939

– Тамыр өзгерісі 37 түрлі болады. Яғни, тамырдың жуан-жіңішкелігі, тереңдігі, қуаты секілді. Сол өзгерістер арқылы ауру белгілері шығады. Сенде бірінші, екінші тамыр өте әлсіз. Ал үшінші тамыр өткен жолғыға қарағанда жанданыпты. Сенде жасырын тамыр бар екен. Ол жүректің, бүйректің әлсіздігін көрсетіп тұр. Жас болған соң осылай жүрсің. Негізі мұндай жасырын тамыр аз кездеседі. Мөлшермен 50 адамда біреу, – деді тамырымды ұстаған жоғары санатты дәрігер Бахаргүл Қабыкенқызы.

Қазақ ұғымындағы қанның қасиеті мен қасіреті. Қан, тамыр ұстау ...

Бахаргүл әпкеміздің айтуынша кей адамдардың тамыры тереңде болады. Ал тамыры терісіне жақындарды айыру тез. Қан тамыр соғысынан жүректің жұмысына баға беріледі.

Бұндай жағдай әлсіздікті білдіреді. Яғни әлсіздіктің себебі көп. Сол себепке қарай емделуі тиісті.

«Шипагерлік баянда» қандық уылма, яғни қан уылу туралы айтылған. Қазіргі ғылым тілінде «рак», халық арасында көбінесе «обыр» деп те атайды.

Обырды қан алу және қанды тазалау жолы арқылы емдеген. Қазір бұндай ауруларды емдеу өте қиын. Адам денесіне тиген у не вирус қоректік заттар секілді қанға өту арқылы бүкіл денеге жайылады.

Тамыр ұстаудың түрлері көп
«Ашық есік күні» аурудың алдын алуды көздейді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу