Өлім шақыратын бұрыш

Oinet.kz 26-05-2020 729

Bhut Jolokia деп аталатын бұрыш әлемдегі ең ащы бұрыш болып саналды. Бұл сортты кейде «елес бұрыш» деп те атайды. Оны жеген адамның көзі уақытша көрмей қалады екен. 

File:Reife und grüne Bhut Jolokia.JPG - Wikimedia Commons

2016 жылы америкалық азамат қомағайлар конкурсында гамбургер жеймін деп өліп қала жаздады. «Бұйырған тағамды» жеген соң оның жағдайы күрт нашарлап, жедел-жәрдемнің көмегіне жүгінеді. Дәрігерлер тексере келе оның асқазанының 2,5 сантиметрге тесілгенін, өкпесіне зақым келгенін анықтайды. Сөйтсе әлгі гамбургердің ішіне Bhut Jolokia бұрышы қосылған екен. Науқас дер кезінде көрсетілген медициналық көмектің арқасында аман қалады. Сәл кешіккенде дәрігерлер сырқаттың о дүниелік болып кетуі мүмкін екенін айтқан.

Пластикалық хирургтардың алдына ай сайын 4-5 еркек барады
Артериялық гипертензияның алдын алу
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу