Балық тромбоздан сақтайды

Oinet.kz 25-05-2020 772

image.png

Қатерлі ісік, ЖИТС  және жол апатына қарағанда, қанның ұюынан (тромбоз) адам көбірек қайтыс болады екен.

Әдетте, қантамырлар қабырғасы зақымдалғанда қан жоғалту мүмкінкіндігінен қорғану үшін тромбтар түзеді. Қантамырдың қабырғасына жабысқан тромб өседі және қан айналымға кедергі жасайды. Дәрігерлердің айтуынша, қанның қоюлануына қан құрамының өзгеруі, ұйығыштықтың жоғарылауы, су жетіспеушілігі, дәрумендер мен минералдардың жетіспеушілігі, жасушалар мен тіндердің қышқылдануы, көкбауыр жұмысының бұзылуы, созылмалы күйзеліс және т.б жағдайлар әсер етуі мүмкін. 

Тромб түзілуіне кедергі болатын керемет өнімге омега-3 қышқылдарына бай албырттан сардинаға дейінгі майлы балықтар жатады. Ғалымдардың айтуынша, адамға күніне 100-150 грамм балық жегеннің өзі жеткілікті. Сонымен қатар, зерттеулер балықты уақытылы жеу тромбоциттердің пішінін жақсартатындығын, яғни оларды ұқыпты әрі тегіс етеді. Ол дегеніміз олардың бір-біріне жабыса беру қаупін бірден азайтады.

Таңғы асты өзің іш...
Сүт безі обырының алдын алу
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу