Абайлаңыз, коронавирус!

Oinet.kz 04-06-2020 830

Өткен жылдың желтоқсан айынан бастап Қытай Республикасының Ухань қаласының Хубей провинциясында этиологиясы белгісіз пневмонияның-коронавирус ауруының өршуі тіркелді. Коронавирус аталуының себебі-ол вирустың сыртқы пішіні корона(тәж) тәріздес. Бүгінгі таңда бұл вирус әлі толық зерттелмеген.Ол жұқпа теңіз өнімдері арқылы, жарқанат, жылан, тышқан, жабайы мысық және сүт қоректілер арқылы тарайды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы вирус адамнан адамға берілуі мүмкін деген болжам айтуда. Бұл аурумен ауырған адамдарды теңіз өнімдерін сататын көтерме сауда орындарымен байланыстырып отыр.Бұл жаңа Қытай, АҚШ, Жапония, Таиланд, Тайвань, Оңтүстік Корея мемлекеттерінде тіркелген. Ауырғандар Ухань қаласында болғаны анықталған.

vi.jpg

Аурудың симптомдары:

-жалпы әлсіздік;

-қызба (дене температурасының 380 немесе одан жоғары, қалтырау);

-бас ауыру;

-жөтел, дем алудың қиындауы;

-ентігу.

Жаңа қауіпті вирустың симптомдары жедел респираторлы вирусты жұқпалардың және пневмонияның симптомдарына өте ұқсас және инкубациялық кезеңі 2-ден 7 тәулікке, одан әрі 10 тәулікке дейін жалғасады. Дәрігерлердің мәліметінше, корнавирусты емдеудің нақты әдісі немесе оған қарсы дәрі-дәрмек жоқ. Дертке шалдыққан жағдайда емдеу шаралары аурудың белгілеріне қарай жүргізіледі.

Алдын алу шаралары:

- вирустық жұқпалардың белең алуына байланысты халық көп шоғырланатын орындардан бойыңызды аулақ ұстаңыз;

- өткір вирусты жұқпалардың өршуі кезінде вирусқа қарсы препараттарды, лимон, зімбір, сарымсақ, пиязды қолдану;

-Қытай мемлекетіне барудан уақытша бас тартыңыз;

-жеке бас гигиенасын қатаң сақтап, бетпердені қолданыңыз;

-өткір респираторлық вирус жұқпасы мен тұмау белгілері байқалған жағдайда дереу дәрігерге жүгініңіз.

Егер науқас уақытылы дәрігерге жүгінбей, ауруды асқындырып алса, ауыр жағдайдағы пневмония, бүйрек  ауруының жетіспеушілігі, тыныс алудың қиындауы мен өлім жағдайына әкеліп соғуы мүмкін.

Қазіргі таңда Ухань қаласында карантин жарияланып, ол қалаға кіру мен шығуға қатаң шектеу қойылды. Қазақстан аумағында індетке қарсы іс-шаралар жүзеге асырылуда.

К.РУСТЕМОВА,  Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бас маманы

Қандауыр мен қалам
Тіліңіз не дейді?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу