Үйдегі шыбынның зияны

Oinet.kz 04-06-2020 1292

Шыбын адам мекендеген жердің бәрінде жүреді. Әсіресе, жаз кезінде көбейіп кетеді. Шыбын сырттай зиянсыз көрінгенімен, шын мәнінде ондай емес. Оның тұмсығы мен сілекейінде, бүкіл денесінде түрлі ауру қоздырғыш вирустар мен бактериялар болуы мүмкін. 

image.png

Ғалымдардың айтуынша, ең алдымен, шыбын тырысқақ (холера) ауруын таратушы жәндік саналады. Шыбынның тұмсығында сальмонеллез бактериясы көп болады. Аденовирус пен түрлі жұқпалы вирусты, гельмитонның дернәсілдерін тасымалдайды. Ал шыбыннан қорғану үшін тазалық пен гигиена қажет. Үйді, бөлмені таза ұстаған жөн. Шіріп, қоқып жатқан жерде шыбын көп болады. Әсіресе, жуынатын, әжет өтейтін жерлерді тазалап жүрген абзал. Оны хлормен жуып дезинфекция жасаңыз.

Айта кеткен жөн, шыбын коронавирус таратпайды. Ол дәлелденген.

Өз дертіне дауа таппаған Ибн Сина
Әйелдер көп ауырады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу