Белгілі дәрігер ақ шашты жұлудың зиянын атады

Oinet.kz 11-06-2020 1993

98c256c1-2b68-40f4-973c-21d634ca1f75.jpg

Трихолог-дәрігер Ольга Кохас ақ шаштың пайда болуының алдын алу үшін құрамында мыс бар лосьондарды қолдануға болатынын мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Известия басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Ол ақ шашты жұлып тастау онымен күресудің тиімді жолы емес екенін атап өтті. Егер басыңызды ақ шаш баса бастаса, онда ол процесс не баяу жүреді не күйзеліске түскен жағдайларда жылдамдайды. "Күйзелістің кесірінен жасушалар дұрыс жұмыс істемей, қан айналымы бұзылады. Күйзеліске жиі ұшырайтын адамдардың шаштары ерте ағарады", — деп трихолог-дәрігердің сөзін жеткізді Sputnik радиосы. Кохастың айтуынша, мыс түстерді өндіру бойынша жасушалардың жұмысына көмектеседі, сондықтан ақ шаштың алдын алу үшін бұл элемент бар шашқа арналған лосьондарды қолдануға болады. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін мамандар коронавирустың тақырбас адамдарға қандай зияны бар екенін мәлімдеген еді. 

Screenshot_2.jpg

Аталық гормондар (андрогендар) коронавируспен күресуге көмектеседі. Олардың организмде жетіспеушілігі шаш жоғалтуға әкеп соғады. Браун университетіндегі профессор Карлос Бамбьердің жетекшілігіндегі зерттеушілер тобы тақырбастарда коронавирус ауыр өтуі мүмкін деген тұжырымға келді. 


Табиғи сүзгі
Жаттығу кезінде маска киюге бола ма?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу