Түркістан қалалық орталық ауруханасы триаж жүйесіне сай жабдықталған

Oinet.kz 01-08-2021 1109

Жанболат Ділдәбеков.jpg

Жанболат Ділдәбеков, Түркістан қалалық орталық ауруханасының бас дәрігері

Түркістан қаласы облыс орталығына айналғалы бері мұнда халық саны артып келеді. Халық саны өскен жерде барлық қызмет түріне сұраныс артатыны белгілі. Әсіресе медициналық қызметке. Әрбір адам медициналық қызметке зәру. Басы ауырып, балтыры сыздаса дәрігер іздейді. Ал білікті дәрігерлер – қалалық орталық ауруханада шоғырланған. 

Түркістан қалалық орталық ауруханасы – Түркістандағы жалғыз мемлекеттік медициналық мекеме болып табылады. Бұл ауруханаға науқастарға тәулік бойы аптасына 7 күн науқастарға шұғыл және жоспарлы көмек көрсетеді. Тек Түркістан қаласына емес, қаланың сыртындағы елдімекендерге де көмек көрсетеді. Ауыл, елдімекендердің бәрін қосқанда 200 мыңнан аса халыққа қызмет жасайды. Мұнда науқастарға шұғыл көмек көрсетіледі. Атап айтар болсақ, инсульт, жүрек инфаркті бойынша, хирургиялық жарақаттармен түскен науқастарға тәулік бойы қызмет көрсетіледі. 

Аурухананың бас дәрігері Жанболат Ділдәбековтың айтуынша, аурухана триаж жүйелеріне сай жабдықталған. Триаж жүйесі науқастарды 3 аймаққа бөледі: 

1) Қызыл жолақпен келгендер бірден 1-2 минут ішінде көмек алады. 

2) Сары жолақпен келетіндер – 2-3 сағат ішінде бақылауды қажет ететіндер. Сол бақылау нәтижесінде науқастің ауруханаға жату-жатпау мәселесі шешіледі.

3) Жасыл аймақтан келетін науқастар – жоспарлы науқастар. 

– 2019 жылдан бері ауруханадаға 128-ші кескіндегі компьютерлік томография орнатылған. Бұл аппарат тек Түркістан қаласында және Шардара аудандық орталық ауруханасында орнатылған. Бұл ең соңғы үлгідегі компьютерлік томограф болып табылады. Оның сапасын кескіндігінің жоғарылығынан байқауға болады. Мысалы бұл томографпен адам ағзасын түсірсеңіз, 128 кескінге бөліп тастайды. Осы арқылы кішкентай дақтарды да көруге болады. Ал 64 кескінді томографтар 1-2 см көлеміндегі дақтарды байқамай қалады. Бұл аппараттармен кез-келген науқастың диагнозын анықтауға болады. Бас миынан бастап өкшесіне дейінгі ақауларды табуға болады. Бұл аппаратпен бас ми өзгерісін, буын-сүйектегі өзгерістерді көруге болады. Жақында біз компьютерлік томографпен мойынға шыққан ісікті анықтадық. Және ең бастысы бұл компьютер қазіргі індет өршіп тұрғанда науқастың өкпесінің қанша пайызы зақымдағанын есептеп бере алады. Осылайша адами факторға әсер етпейді. Аппарат бәрін нақты айтады, - дейді Жанболат Ділдәбеков. 

Ауруханада 12 клиникалық бөлімше бар. Соңғы жылдары мұнда пульманология, урология, ангехирурхия, лор, құлақ, мұрын тамырға арналған ота бөлімше, инсульт орталығы ашылды. Инсульт орталығының ішінде нейрореанимация, реабилитация бөлімдері жұмыс істейді. Ауруханада 309 төсек орны бар. Оның алтауы жансақтау бөліміне арналған.

Screenshot_1.jpg

Хирургия бөлімінің меңгерушісі Абай Амантайұлының айтуынша, бүгінде орталық ауруханада жарықтарға заманауи аппараттармен ота жасалады. Қазір әсіресе бауырға, өт жолдарына, соқырішекке, шап жарықтарына, іш жарықтарына ота жасалуда.

– Біздің бөлімде 4 маман жұмыс істейді. 10 мейірибе, 10 санитар қызметкері бар. Хирургияда 40 койка бар. Оның ішінде 20-сы жалпы койка. 5 койка – лор, 5 койка – урология, - дейді бөлім меңгерушісі. 

Сау ұрпақ отбасын дұрыс жоспарлаудың жемісі!
Израильде «Болашақ» бағдарламасымен оқып келген мамандар тәжірибелерімен бөлісуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу