Алақанға қарап сырқатыңызды біле жүріңіз

                     information_items_19606.jpg

    Қолдың температурасы мен ондағы сызықтар сырқатыңызды анықтайтынын білесіз бе? 

  - Қолыңыз үнемі мұздап жүрсе, онда қан таралуында өзгерістер орын алып, ағзаңыздағы қышқылдар төмендеген болады. Мұны байқасаңыз тез арада дәрумені мол тағамдарды жегеніңіз дұрыс.

 - Керісінше, қолыңыз ысып, алақаныңыз от болып жанып тұрса - бауыр қызметін дұрыс атқара алмай жатқаны.

- Ал, алақаныңыз ылғалданып, суланып жүрсе - қалқанша безінде ақау  бар деген сөз.

- Қолыңыз қурап, әрі қуқыл тартса - онда уақыт өткізбей дәрігерге көрініңіз.

- Егер, алақаныңыз сарғыш болса - бауыр мен өт жолында өзгерістер болып жатыр.

- Алақаныңыз қызарып жүрсе – бауырыңыз ауырады.

- Ал, қоңырлау болса - өтіңіз қабынғанынан хабар береді.

- Шынашақтарыңыз жансызданып, жиі ұйыса – жүрек-қан тамырларының сыр бере бастағаны.

- Бас бармағыңыздың шынашағы ұйыса - тыныс алу жолдары суықтаған.

- Саусағыңыздың бастары қарақошқыл түске енсе – асқазан ауырып бастағаны.

- Саусақ ұштарындағы ақ дақтар – гемоглобин төмен екенінен хабар береді. 

- Саусағыңыздан қызыл түс байқасаңыз – бүйрек пен бауырды узиге түсіріп, тексерткеніңіз дұрыс.

- Егер, оң қолыңыздағы сұқ саусағыңыздың екі жаны қышыса – тоқ ішегіңізде ақау бар болғаны.

- Саусақ буындарын жиі сықырлатсаңыз – ағзаңызда кальций жетіспейді. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жатырдағы нәрестеге жасалған ота
  • Неге ыстық бастан шығады?
  • Әлемдік медицинада өттен табылған ең көп тас
  • Госпиталь сөзі қандай мағына береді?
  • Миы құрттаған әйел