Ұйықтағанда қандай жастыққа жатқан дұрыс?

Oinet.kz 01-08-2019 1171

1118.jpg

Сурет ашық дереккөзден алынды. 

Адам өмірінің үштен бірі ұйқымен өтетіні белгілі. Ал ұйқы тыныш болуына төсек жабдықтарының, әсіресе, жастықтың қосар үлесі мол. 

Білесіз бе, жұмсақ жастық ұйқыдан бұрын, денсаулыққа зиянын тигізеді. Себебі жұмсақ жастыққа жатқан кезде құлақ толық жабылып қалады да, бастың жоғары бөлігі қисайып жатады. Ал қатты жастықта мойын мен бас ыңғайлы болып жатады. Сонымен қатар, құлақ ашық болғандықтан, адамның есту қабілетін жақсартады. Ұзынша болып тігілген кәдімгі қарапайым жастықтар да дұрыс ұйықтауға көмектеседі. Мұндай жастықтарға жатқанда иықты жастық үстіне қоймай, басты тек желкеден бастап қояды. Ал жастықтың желке тұратын жағын аздап қайырып қояды, сонда ғана дұрыс жатып, денсаулыққа зиян тигізбеуге болады. 


Әйелдер неге ерлерден ұзақ өмір сүреді?
Қызылшамен қандай адамдар ауырмайды?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу