Ағзадағы магнийдің тапшылық белгісі

Oinet.kz 05-08-2019 1211

1008487.jpg

Көрнекі сурет ашық дереккөзден алынды. 

Ол сүйек, бұлшықетте, жұмсақ тінде болады. Орталық жүйке жүйесі, қантамыр, сүйек-буындардың жұмысына ықпал етеді. Егер магний тапшы болса бас айналу, нервоз, есінен танып қалу, жүрек соғысының бұзылуы, қан ұйып қалу, жүрек тұсының ауруы, ұйқының бұзылуы, талып қалу, шаршау, тыныс алудың қиындап, арқаның ауруы, сүйектің сынғыштығы, көрудің нашарлауы, тырнақта ақ дақтың пайда болуы, етекірдің келу реттілігі бұзылады.

Темір – қандағы эритроциттерге жүректің жұмысына, гормонның балансына әсер етеді. Оның 70 пайыз қоры біздің гемоглобинде орналасқан. Гемоглобин ағза клеткаларына кислород жеткізіп тұрады. Ал көмірқышқыл газын өкпеге жеткізеді. Темір тапшы жағдайда үнемі шаршаңқы, теріңіз бозарып, көзіңіздің асты көгеріп тұрады. Теріңіз құрғап, тамақ, ауыз қуысы ауырады, бірнәрсеге назар аударуыңыз әлсіреп, есте сақтау қабілетіңіз нашарлайды. 

Әйелдің жасы қаншаға келсе де оның ағзасы әрдайым күтініп ұстауды қажет етеді. Сондықтан өз денсаулығыңызды қажетті витаминдер кешенімен күшейтуді ұмытпаңыз.  

Көріп тұрғаныңыздай витаминдер тапшылығының соңы, кейде ауыр жағдайларға соқтыруы мүмкін. Оның алдын алу үшін диета ұстау керек. Егер ағзаңызда дәрумен тапшылығы барынан сезіктенсеңіз, дәрігерге барып, кеңес алуды кешіктірмеңіз. Дәрігер қан талдамасынан кейін ем тағайындайды. 


Құрметті, оқырман, бұл тек ұсыныстар ғана, кез келген дәріні қабылдар кезде  алдымен дәрігеріңізбен кеңесіп алғаныңыз жөн. 


Қорқор (кальян) деген не?
Қандай сөздерді қолдансаңыз, ауырасыз?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу