Пластмасс ыдыстың қандай зияны бар?

Oinet.kz 07-08-2019 2130

пластик.jpg

Сурет ашық дереккөзден алынды

Ғалымдардың зерттеуі бойынша пластмасс ыдыстардың 95 пайызы микротолқынды пеште және ыдыс жуатын машинада химикаттар бөледі екен. Жоғары температураның әсерінен олар контейнерден өтіп, тамаққа түседі. Дәрігерлердің ойынша, бұл заттар эндокринді жүйеге әсер етеді, демікпе, семіздік, диабет, бедеулік және рак шақыруы мүмкін. 

Ыдысты иілгіш ететін фталаттар мен бисфенол А деген қосылыстар ең қауіпті болып саналады. Олар көптеген пластикалық бөтелкелер мен контейнерлерде бар. Маймылдарға жүргізген зерттеулер бисфенол А жүкті әйелдердің құрсағындағы сәбидің дамуына негативті әсер ететіндігін дәлелдеген. Сонымен қатар, бұл зат ағзада жиналып қалса, рак шақыруы мүмкін. Бұл қауіпті химиялық заттарды балалар бөтелкесіне қолдануға тыйым салынғанымен, ересектер ыдысына ондай тыйым жоқ. Сондықтан сарапшылар тамақты әйнекте, тот баспайтын болатта және керамика ыдыста сақтауды және жылытуды ұсынады. 


Бас сақинасы неге мазалайды?
Неліктен адамдар шектен тыс шаршайды?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу