Бас сақинасы неге мазалайды?

Oinet.kz 07-08-2019

бас сакинасы.jpg

Сурет ашық дереккөзден алынды.

Әлемдегі әрбір бесінші адам бас ауруынан зардап шегеді екен. Көбінесе мұндай ауруға 20 мен 40 жас аралығындағы адамдар ұшырайды екен. Аурудың неден пайда болатыны әзірге белгісіз, бірақ көбінесе жұмысты ойлауды қажет ететін адамдардың осы аурумен ауыратыны анықталып отыр. 

Бас сақинасына тән ерекшелік: бастың бір бөлігі ауырады, көбінесе самай мен маңдай тұсында және көз айналасында пайда болады. Ауырған адам жарық пен дыбысты жақтырмай, көз көруі қиындап, жүрегі айнып, құсуы да мүмкін. Әдетте бас сақинасы қатты күйзелгенде, шектен тыс жұмыс істегенде, шаршағанда өршиді. Сонымен қатар бас сақинасымен нәзік жандылар ерлерге қарағанда 3-4 есе көп ауырады. Бұл олардың тым сезімтал келуімен түсіндіріледі. Жуырда дәрігерлер әйел адамдарда бас ауруын қоздыратын тағы бір себепті анықтады – бұл жүктіліктен сақтандыратын дәрілер екен. 


Нобель сыйлығын медицина саласында алғаш кім алған?
Пластмасс ыдыстың қандай зияны бар?

Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×