Ұялы телефон безеуді тудырады

Oinet.kz 12-08-2019 1026

телефон безеу.jpg

Сурет ашық дереккөзден алынды.

Екі бетіңізге және екі көзіңіздің ортасына безеу жиі шығатын болса, оған ұялы телефоныңыз бен көзілдірігіңіз себеп. Жиі қолданылатын заттарда бактериялар өте жылдам тарайды және шаң-тозаң жинала береді. Ал көпшілік ұялы телефон мен көзілдірікті антибактериялық майлықпен сүрте бермейді. 

Теріңізге жанасатын заттарды залалсыздандыруды ұмытпаңыз. Сонымен қатар, қолыңызды жиі сабындап жуыңыз. Жалпы қолыңызбен бетіңізді ұстай бермеген жөн. Әйтпесе, бет теріңізге безеу мен қара нүкте шығу қаупі жоғарылай түседі. 


Баланың тісі шыққандағы мазасыздығын қалай басуға болады?
Шашыңнан иіскейін...
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу