Тұмау және ЖРВИ туралы не білуіміз керек?

Oinet.kz 14-08-2019 1229

Screenshot_5.jpg

ЖРВИ яғни «жіті респираторлы вирусты инфекция» ауруларына тұмау және жоғарғы тыныс жолдарын зақымдайтын бірнеше аурулар түрлері жатады. Оларға тұмаудан басқа парагрипп, аденовирсты, риновирусты т.б. көптеген вирусты жұқпалар жатады.

Бұл аурулардың  қоздырғыштары әртүрлі вирустар (А,В,С) және олар әлемде кең таралған.Әрбір ересек адам кем дегенде жылына 2 рет, оқушылар 3 рет, мектеп жасына дейінгі балалар, 6 ретке дейін тұмау  немесе ЖРВИ мен аурады екен. Біздің жерлерде тұмаудың бас көтеруі суық түскен кезде қыс айларында басталып, кейде көктемге дейін созылуы мүмкін.

Тұмау, жіті вирусті инфекциялар тыныс жолдарының зақымдануымен және ағзаның улануымен көрінетін ауру.Тұмау вирусі ауа арқылы  науқас адам жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлегенде қоршаған ортаға таратылып сау адамдарға жұғады,әсіресе жұғу  мүмкіндігі бастапқы күндері өте жоғары.Жас балалар мен жүкті әйелдер және қарт адамдар немесе созылмалы ауруы бар адамдар үшін тұмау өте қауыпті. Өйткені бұл адамдарда тұмау ауыр түрде өтеді және асқынуларға әкеліп соқтырады.Ауырғандардың 10-15% асқынуға шалдығады ең жиі кездесетін асқынулар: өкпенің қабынуы, отит,гайморит, менингит.

Тұмау мен ЖРВИ клиникасы кенеттен басталады дене қызуының көтерілуімен 38-39С-ға дейін, әлсіздену, бас ауырып адам дел-сал күйде болады, сонымен қатар құрғақ жөтел, тамақтың жыбырлауы, дауыстың қарлығуы кеуденің ашып ауруы. Егер ауырған адам дер кезінде емделсе тұмаудан 5-7 күн ішінде айығып кетуге болады. Тұмаудың жеңіл және орташа ауыр түрлерін участкелік дәрігер немесе отбасылық дәрігердің бақылауымен үйде емделеді, ал ауыр және асқынған түрлері  жұқпалы аурулар ауруханасында емделеді.Ең негізгі міндетті шарт науқасты оқшаулау, жеке басының гигиеналық тәртібін сақтау.Әр адам тұмау кезеңінде бетперде (маска) тағып жүргені дұрыс.Науқас адам тұмау басталысымен міндетті түрде дәрігерге қарану керек

Тұмаудың алдын алу жолдары: тұмау басталар алдына 1-2 ай бұрын тұмауға қарсы вакцинация алу керек.

Тұмадың алдын алу үшін:

1. Ең тиімді алдын алу әдісі- тұмауға қарсы вакцинасы. 2. Эпидемия кезінде адамдармен байланысыңызды мүмкіндігінше азайтуға тырысыңыз (қоғамдық көліктермен исрек жүріп,қонаққа барудан бас тартыңыз). 3. Бөлмеңізді, үйіңізді жиі желдетіп, ылғалды түрде жиыстырып қойыңыз. 4. Мұрныңыздың шырышты қабығын интерферонды қолдана отырып, 0,25 пайызды оксалин майымен майлап қойыңыз. 5. Сарымсақ пияз сонымен қатар құрамында Сдәрумені бар өнімдерді көбірек пайдаланыңыз лимон, орамжапырақ,қара қарақат. 6. төрт қабатты дәкелі таңғыштықолданыңыз. 7. Толық тамақтаныңыз 8. Таза ауада жүйелі түрде серуендеу, денешынықтырумен және спортпен айналысуды қолға алыңыз. 9. Тұмаумен ауыратын науқасты басқалардан алшақтауды ұмытпаңыз.

Аманкараева Ханифа, 

№ 9 ШҚЕ.1-бөлімше медбикесі

2016 ж

Ерте ғасырда аборт жасалған ба?
Алғашқы аяқ протезі қашан пайда болған?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу