Құлақ неге шыңылдайды?

d59fc414f8d47505bedabf3f0120034b.jpg

Сурет ашық дереккөзден алынды

Қазақ ырымшыл халық. Кез-келген әрекетті белгілі бір дүниемен байланыстырып қояды. Мәселен, ел ішінде адам сенгісіз бола да «оң құлағым шыңылдаса мені мақтап жатыр, сол құлақ болса даттап жатыр» деген түсінік бар. Алайда, ғалымдар құлақтың шыңылдауы басқа дене мүшелерінің созылмалы ауруларының байланысы бар екенін анықтады. 

Құлақтың шыңылдауын («тиннитус» деп аталады) зерттеушілер құлақ ауруларымен, ми атеросклерозымен, есту қабілетінің нашарлауымен байланыстырады. Сондай-ақ, медициналық препараттарды қолданудың әсерінен болады дейді. Ал, 55 пен 65 жас аралығындағылардың құлағы жиі шыңылдайды екен.

Ғалымдар құлақтың шыңылдауы мен созылмалы аурулар мидың дәл қай бөлігінің зақымдалғанын көрсететінін анықтады. Ол бөлік – мидың ішкі медиалды префронталды қабығы мен оған іргелес жатқан ядро. Бұл бөлік адамның кез-келген нақты себептерсіз созылмалы аурулардың пайда болуына жауапты. Осы зерттеулерге қарап, ғалымдар енді құлақтың шыңылдауынан қалай арылуға болатынын қарастыруда.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Балалар ойыншықтарының қауіпсіздігі
  • Ағзаның жұмысын реттейтін тиімді әдістер
  • Жеті дәрі жаныңызда жүрсін.....
  • Омыртқаны түзулеуге арналған жаттығулар
  • Әйел затын 10 жыл бұрын қартайтатын жаман әдеттер
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика