Үндістан мен Түркістан тәжірибе алмасты

Oinet.kz 24-08-2026

789490307_2255394018635277_1422309630548206981_n.jpg

2026 жылғы 19-23 тамыз аралығында Түркістан облысы денсаулық сақтау саласының делегациясы Үндістан Республикасының Нью-Дели қаласындағы Yashoda Medicity медициналық орталығына жұмыс сапарымен барды. Сапардың негізгі мақсаты — халықаралық ынтымақтастық орнату, бірлескен жобаларды әзірлеу, әріптестік байланыстарды дамыту, сондай-ақ Үндістанның озық медициналық тәжірибесімен танысу.

Түркістан облысының Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жанболат Ділдәбеков бастап барған делегация құрамында №3 облыстық перинаталдық орталығының басшысы Роза Досжанова, облыстық балалар ауруханасының басшысы Алтын Досанова, Түркістан қалалық орталық ауруханасының басшысы Гүлмира Марданова мен осы медициналық үйымның онкохирургы Ержан Ақбердиев болды.

Сапар барысында Yashoda Medicity клиникасының медициналық инфрақұрылымы, заманауи диагностикалық және емдеу технологиялары, жоғары технологиялық медициналық жабдықтардың қолданылуы және пациенттерге медициналық көмек көрсету жүйесі зерделенді. Сонымен қатар, тараптар арасында тәжірибе алмасу, мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру және денсаулық сақтау саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері талқыланды.

Халықаралық тәжірибені зерделеу медициналық қызмет сапасын арттырып, заманауи технологиялар мен тиімді басқару тәжірибелерін отандық денсаулық сақтау жүйесіне енгізудің маңызды бағыттарының бірі.


Диспетчерлер екі сәбиді құтқарды
Түркістан дәрігерлері өздері бауыр ауыстырды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу