«Бір күндік клиника»

Oinet.kz 18-06-2026

447277140_1621360142038671_3999367718777594100_n.jpg

Түркістан өңірінің ең үздік медициналық ұйымы атанған №2 облыстық перинаталды орталығының ауыз толтырып айтарлық жетістіктері аз емес. Облыстағы «Бір терезе» қағидатымен жұмыс істейтін «Бір күндік клиника» пилоттық жобасының бірінші болып дәл осы №2 облыстық перинаталдық орталығының базасында іске қосылуының өзі біраз нәрседен хабар берсе керек.

Аталған бірегей жоба №2 облыстық перинаталдық орталығының Ұрықты қорғау орталығында «осында және қазір» принципімен жұмыс істейді. «Бір терезе» қағидаты бойынша медициналық қызмет көрсететін «Бір күндік клиника» жүкті әйелдерге бір күнде перинаталдық диагностиканың барлық түрлерінен өтуге және зерттеулердің жылдам әрі дәл нәтижелерін алуға мүмкіндік береді. Бір жұмыс күні ішінде қауіпті белгілерді бағалаудан бастап нақты генетикалық диагноз қоюға дейін жұмыс жасайды. Ұрықты қорғау орталығының тәжірибесі мол мамандары болашақ аналармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп, жан-жақты қолдау көмек көрсетеді.

1кунклиник.jpg

«Бір күндік клиника» жобасы аясында жүкті әйелдердің асқыну қауіптерін анықтауға болады. Мысалға, преэклампсияның даму қаупін 80 пайыз ерте анықтауға мүмкіндік береді. Және де жүкті әйелдерге қосымша зерттеу ретінде PLGF маркерінің анықталуы кіреді, бұл зерттеу жаппай скрининг үшін қолданылмайды. Лабораторлы зерттеулер қанды тасымалдау және сақтау мәселелерін азайтады. Пациенттердің кеңес алуға келу санын, жұмсалған уақытын, көлік шығындарын азайту арқылы мазасыздық пен стресс деңгейін төмендетеді.

Біз пациенттерімізге болашақ баланың денсаулығына қатысты ең дәл және уақытылы диагноз қоюға ұмтыламыз. Біз емделушілерге мемлекеттік тегін медициналық көмек аясында ең заманауи медициналық диагностика мен емдеу әдістерін ұсына аламыз. «Бір күндік клиника» шеңберіндегі барлық зерттеп-қараудың барлығы тегін жүзеге асырылады, – дейді №2 облыстық перинаталды орталығының басшысы Элмира Қожахметова.

Перинаталдық диагностиканың бірінші және маңызды қадам – дәрігерге уақытылы бару және жүкті әйелді жүктіліктің 10 аптасынан кешіктірмей есепке алу, бұл болашақта уақытылы зерттеп-қарауды қамтамасыз етеді.

Екінші қадамы жүкті әйелді бақылауды жүзеге асыратын дәрігерден жолдама алу және №2 облыстық перинаталдық орталықтың Ұрықты қорғау орталығына бару болып табылады. Мұнда бір күнде сараптамалық кластағы аппараттарда ұрықтың скринингтік ультрадыбыстық зерттеуі жүргізіледі, содан кейін хромосомалық ауытқуларға тексеру үшін қан алу жүзеге асырылады.

Пациенттің өмір тарихы, ұрықтың ультрадыбыстық зерттеуі және биохимиялық скрининг деректерін салыстыру тұқым қуалайтын патологиясы бар баланың туу қаупін бағалаумен нәтиже беретін арнайы заманауи компьютерлік бағдарламамен жүзеге асырылады. Қауіп жоғары болған жағдайда, жүкті әйел сол күні генетиктен консультация ала алады.

1кунклиник-1.jpg

Кешендегі жаңа тәсіл ықтимал патологияларды ерте кезеңде анықтауға және бір күннің ішінде ұрықтың өмірі мен денсаулығы үшін ең дәл болжамды алуға мүмкіндік береді.

– Біз жоғары оқу орнын аяқтаған соң, оқу-ізденісімізді жинастырып қоймаймыз. Мамандығымыз өзі соны талап етеді, зейнетке шыққанша оқимыз. Адам өміріне тікелей жауапкершілік арқалап отырған соң үздіксіз оқуға, ізденуге, үйренуге міндеттіміз. Орталығымызда кішігірім кітапханамыз да бар. Медицина күннен-күнге дамып жатқандықтан, біз де оқуымызды тоқтатпаймыз. Жаңа ем-домдар жасау, жаңа ота түрлері, жаңа технологияларды меңгеру мұның бәрі дәрігерлердің біліктілігін арттыру үшін аса қажет процестер. Мамандарымызды елдің ішіндегі, сыртындағы қалаларға үлкен медициналық орталықтарға тәжірибе алмасуға жіберіп тұрамыз, – дейді Элмира Ағабекқызы.

Акушер-гинекологтардың жұмысы оңай емес, тіпті стресстік деп те есептеледі. Дәрігерлер тәуліктің кез келген уақытында жұмыс істейді. Орталықтың мамандары әрдайым көмек көрсетуге дайын және өз міндеттерін орындауға бар күшін салады. Әрбір маманның әрекеттер алгоритмі нақты жазылған: пациентті қабылдау сәтінен бастап үйіне шығаруға дейін бірге алып жүреді. Кейде бұл бірнеше айға созылуы мүмкін. Неонатолог дәрігерлер нәрестенің денсаулығын жақсарту және салмағын арттыру үшін бар күшін салады. Алғашқы минуттардан бастап ананы және нәрестені аурухана қызметкерлері қолдайды. Бірақ ата-аналар өздерінің саналы шешімдерінің бала туылуына әсер ететінін түсінуі керек.

Медицина бір орында тұрған жоқ, ол күннен күнге дамып келе жатыр. Қазіргі таңда жүкті әйелдерге де, жаңа туған әйелдерге де қабылдауға болатын препараттар бар. Ескілікке салынып «мен енді босандым, менің ішкен дәрім балама зиян болады» деген ойдан арылу қажет. Білікті маман кеңес беріп отырса, оны жасау керек. Басшының айтуынша, орталықта мамандар босанған немесе жүкті әйелдерге дене қызуы көтерілсе, басы ауырса, жүрегі айнып құсса, тағы басқа да жағдайларда мазасыздық белгілері байқалса, хабарласып кеңес сұрауға болатын телефон нөмірлерін қолдарына береді. 


Жасанды интелект жұмысымызды жеңілдетеді
Кентауда алғаш рет бариатриялық ота жасалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу