Сау ұрпақ сау анадан туады

№2 Түркістан облыстық перинаталдық орталығы үшінші деңгейлі аурухана саналады. Арыс қаласы мен Жетісай, Мақтарал, Бәйдібек, Сайрам аудандарының әйелдері босанатын орталықтың қарқынды терапия бөлімшесінде мамандар аз салмақты сәбилердің тезірек әл жинап кетуі үшін барлық мүмкіндікті жасайды.
– Бөлімше 16 орынға арналған. Мұнда экстремальді төмен салмақты балалар жатыр. Бізге бүкіл аймақтан әйелдер келеді, – дейді реаниматолог-неонатолог А.Альмаханова. – Интенсивті күтімді қажет ететін барлық жаңа туған нәрестелер аймақтардан сенімді қолдарға түседі. Біздің перинаталдық орталық – әйелдерге жүктілік, босану және босанудан кейінгі қалпына келу кезеңінде, сондай-ақ жаңа туған нәрестелерге жоғары білікті көмек көрсететін көп профильді медициналық мекеме.
Қарқынды емдеу бөлімшесінің көрсеткіштері бойынша №2 облыстық перинаталдық орталығында осы жылдың алғашқы тоқсанында 500-900 грамм салмақ категориясында қабылдаулардың артып отырғаны байқалады. 2023 және 2024 жылдарды салыстырғанда, жаңа туған нәрестелердің жалпы саны бойынша, өмір сүру проценті 2,5 пайызға артты. 2025 жылы өмір сүру 96 пайызды құрады.
Дәрігерлерді алаңдататын жайт – босанатын әйелдердің арасында интергенетикалық интервалды сақтамайтындары көп. Олардың арасында артериялық қан қысымы 160-180 мм сынап бағанасынан жоғары әйелдер де аз емес. Бұл, сөзсіз олардың денсаулығына әсер етеді.
Төмен салмақты сәбилер туған аналарға заманауи жабдықтар мен дәрігерлердің тәжірибесі олардың перзенттерін аман алып қалу мүмкіндігін сыйлайды. Перинаталдық орталықта жаңадан туған балаларға арналған интенсивті терапия үшін заманауи инкубатор – кювез пайдаланылады. Бұл аппарат қолайлы температура, оттегі деңгейі және ылғалдылықты қамтамасыз етеді. Мерзімінен бұрын туған балалар үшін, сондай-ақ ауыр аурулардан немесе босану кезінде оперативті араласудан кейін оңтайлы ортаға мұқтаж нәрестелер үшін барлық жағдай жасалған.
Кювез кішкентай адамның денсаулығын нығайтуға көмектеседі және өмірдің алғашқы күндерінде толыққанды өсу үшін қажетті денсаулық резервін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Әрбір балалар кювезі жылыту элементтерімен және оттегіні автоматты түрде беру жүйесімен жабдықталған. Кювезді әрбір балаға жеке таңдалған жағдайларды қамтамасыз ететін компьютерге қосу мүмкіндігі бар. Құрылғының көлбеу бұрышын өзгертуге де болады.

№2 облыстық перинаталдық орталығында нәрестелердің өлім-жітімін едәуір азайтуға мүмкіндік беретін «кенгуру» әдісі белсенді түрде қолданылады. Бұл «кенгуру» әдісін «теріден теріге» деп те атайды, баланың сүйіспеншілік, жылудан және қауіпсіздіктен, емшек сүтіне деген қажеттілігін қанағаттандыруға, инфекциялардан қорғауға әсер етеді. Бала жатыр ішіндегі жағдайға жақын ортаға түседі: ананың иісі, дауысы, жүректің соғу дыбысы, тыныс алу, ішектің жұмыс істеп тұруы сияқты сезімдер кішкентай баланы жатыр ішіндегі күйге қайтарады, стрессті және ауырсынуды азайтады.
Орталықта жаңа туған нәрестені күтуге әкелерге де рұқсат етіледі. Медицина мамандардың айтуы бойынша, әкелер бұған қуанышпен қатысады.
Интенсивті терапия бөлімшесінің мамандары үшін әр бала ерекше нәзік қазына, ол айрықша қамқор күтімді талап етеді. Орталықта баланың өмірге келген сәтінен бастап, аналарға оны күтуді үйретеді. Себебі, бала стационардан шығарылғаннан кейін де ерекше қамқорлыққа мұқтаж. Аналар орталығында аналар «жас жауынгер курсынан» өтеді, сонда олар үйде балаға өздігінен күтім жасауға дайын болады. Қажет болған жағдайда алғашқы көмек көрсету курсынан өтеді. Айта кету керек, стационардан шығарылғаннан кейін де балалар дәрігерлердің қадағалауында болады, аналар кез келген уақытта маманмен байланыса алады.
– Білесіз бе, барлық балалар бізге туғанымыздай қымбат. Аналар үшін бұл қиын кезең екенін түсінеміз және біз балаға күтім жасаудың көп бөлігін өзіміз аламыз. Біз кішкентай пациенттерді аялап сөйлесеміз және олардың жетістіктеріне анасынан кем қуанбаймыз. Біздің бөлімде тек экстремальді төмен салмақ дәрежесіндегі ғана емес, сонымен қатар әр түрлі патологиялары бар балалар да бар. Егер ананың жүктілік кезінде аурулар фонында ауытқулары болса, онда бұл баланың денсаулығына да қауіп төндіреді. Жүктілік жоспарлы болуы керек. Жүкті болар алдында әйел мамандардың тексеруінен өтуі қажет. Егер қажет болса, алдымен денсаулығын нығайтып, содан кейін жүкті болуы керек. Әрбір әйел тіпті жүктілікті жоспарламаса да, алдын алу мақсатында алты айда бір гинекологтың тексеруінен өтуі, инфекциялар мен басқа да ауруларды анықтау үшін қажетті талдауларды тапсыруы тиіс. Мысалы, экстрагенитальды патологиялар жүктіліктің қалыпты өтуіне және ұрыққа әсер етуі мүмкін. Негізінен, балалардың осындай миының диффузды зақымдалуымен туылуы әртүрлі салдарға апарып соғуы мүмкін. – дейді реаниматолог-неонатолог А.Альмаханова.
Сезім МЕРГЕНБАЙ


