Эпидемиялық паротит деген не?

Oinet.kz 23-09-2019 2164

svinka1.jpg

Эпидемиялық паротит - сілекей бездерінің ұлғаюымен беттің әлпетін –згертетін вирус.  Осыған байланысты бұл „свинка» деген атқа ие болған. Бұл вирусты контагиозды дерт деп те атайды. Паротиттік инфекция Гиппократ заманынан бері белгілі. Көбінесе  бұл аурумен балалар бақшасы мен мектеп жасындағы балалар (5—10) және жас кезінде ауырмаған ересек адамдар ауырады. Паротит әсіресе көктем, қыс айларында жиі кездеседі. Вирус науқас ағзасынан сілекеймен бөлінеді. Продромалды кезеңі 3 аптаға дейін созылады. Бұл кезеңде науқастар әлсіздікке, тәбетінің жоқтығына шағымданауы мүмкін.

Жұтынғанда ауырып, оның құлақ маңына таралуы, тамақтанар алдында ауыру сезімінің үдей түсуі (немесе тамақты көргенде), басты қимылдатқанда ауыруы дерттің алғашқы белгілері болып табылады. Эпидемиялық паротиттің тұрақты симптомы — дірілдің, безгектің болуы. Безгектің ұзақтығы 5—7 күнге созылады.  

Дерттің асқынуы: бездің іріңдеп еруі, жыланкөз пайда болуы мүмкін. Сондай-ақ қабыну процесі ортаңғы құлаққа, көру мүшелеріне өтуі мүмкін. Паротитке қарсы біріктірілген вакцина борықтану ауруына шалдығуды 80-90%-ға азайтады. Вакцинаның екі мөлшерлемесі тиімді. Бұл біріктірілген вакцина 12-15 айлық сәбилерге салынады. Егер сәбилер бір себепті егілмесе, 4-6 немесе 11-12 жасында егілуі қажет. Ешқашан егілу кеш емес. Қоғамдық жерде немесе денсаулық сақтау саласында жұмыс істейтін болсаңыз, бұрын егілмесеңіз, міндетті түрде егілуіңіз қажет. Бұл мәселелер туралы әрдайым дәрігерден кеңес алуға болады.

У.Жиенбекова, 

Шымкент медицина колледжінің микробиология пәнінің оқытушысы,

2017 ж

Рактың алдын алу шаралары
Жатыр мойыны обырының алдын алу шаралары
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу