Мұқағали Мақатаев жайлы қызықты деректер

Oinet.kz 15-10-2019 10096

Screenshot_4.jpg

Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев өмірінен қызықты деректерді ұсынбақпыз.

- Мақатаевтың туылған күніне байланысты екі түрлі дерек бар: 

Құжат бойынша 1931 жылдың 9 ақпанында болса, анасы Назиман апаның айтуынша 8 наурыз күні дүниеге келген. 

- Ақын Ұлы жүз құрамына кіретін албан руынан шыққан.

- Азан шақырылып қойған есімі - Мұқамедқали. 

- Үйдің тұңғышы, артынан ерген төрт бауыры, яғни, бір қарындасы, үш інісі болған. 

- 1948-49 жылдары ҚазМу-дың филология факултетінде оқиды.

- Ақынның тұңғыш өлеңі - «Қырман басында», «Қойшы бала»

- Мұғалім, диктор, бөлім меңгеруші, хатшы болып жан-жақты жұмыс атқарады.

- 650-ден астам лирикалық өлеңі бар. 

- Өзінің өмірлік жары Лашынға 18 жасында үйленеді.

- Үлкен қызы Ләззат қайтыс болып, кейіннен сүйікті қызы Майгүл көлік апатынан қаза болады. 

Қол-аяғыңыз үнемі мұздап жүре ме?
Жесірдің өзін өртеу салты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу