Санта-Круз-дель-Ислоте - әлемдегі ең халық көп шоғырланған арал

Oinet.kz 24-10-2019 957

Самый густонаселенный остров в мире.

  • Аралдың аумағы 7 500 шаршы метрді құрайды. Санта-Круз-дель-Ислоте аралының ауданы шамамен екі футбол алаңына тең. Сонымен қатар, аралда 97 үйде 1 200-ден астам тұрғын тұрады. Мұндай шағын кеңістікте жүздеген үйді қалай орналастыруға болатынын елестету қиын, бірақ бұл фантастика емес. Мұндай арал шынымен бар. 

  • Колумбияның бұл ерекше аралы, ал мемлекеттің материктік бөлігіне дейін 20 шақырымға жуық жол жүру қажет. Бұл қашықтықты тек су жолымен еңсеруге болады. Бірде-бір автокөлік жоқ: бүкіл аралды бірнеше минут ішінде жаяу айналып өтуге болады. 

  • Жергілікті тұрғындардың айтуынша, олардың ата-бабалары аралда 150 жыл бұрын пайда болды. Олардың балықшы аталар арал маңына бір түнге тоқтаған сәтінде оларды бірде-бір жәндік, маса мазаламағаны таңқалдырып. Осында тұрақтауды жөн көрген. 

  • Арал ұзақ уақыт бойы атсыз болды. Оның жағалауына үлкен крест болады екен. Алайда, оның қайдан, қалай келгені белгісіз болды. Кейіннен бұл крестті аралдың ортасына орнатып, аралды ос кретің құрметіне атауды ұйғарады. Санта-Круз-дель-Ислоте аралы қазақ тіліне аудар,ғанда Әулие крест деген мағына береді.

  • Аралдың 170 оқушы білім алатын өз мектебі бар. Мектеп ғимараты үш қабаттан тұрады, сондықтан ол аралдағы ең биік ғимарат. Кейбір оқушылар мұнда тіпті көршілес архипелаг Сан-Бернардо аралдарынан да келеді. Санта-Круз-дель-Ислоте аралы ең тығыз қоныстанған ғана емес, ең жас аралдардың бірі деп атауға болады. Оның тұрғындарының басым бөлігі - жастар. 

  • Санта-Круз-дель-Ислоте тұрғындары үшін ең үлкен құндылық - ондағы тұщы су. Аралда оның көздері жоқ, аптасына үш рет су Колумбиядан жеткізіледі. Мұнда кәріз де жоқ. Тағы бір маңызды мәселе – қоқысты жою. Оны көршілес Тинтипан аралына апарады. Рас, қалдықтардың едәуір бөлігі мұхитқа шығарылады. 

  • Жергілікті тұрғындар электр қуатымен тәулігіне бес сағат: 17-ден 22-ге дейін ғана қолдана алады. Жиі басқа уақытта теледидарда қызықты хабар беріледі. Бұл жағдайда тұрғындарға бензин сатып алып, генераторды іске қосуға тура келеді. 

  • Жоғарыда айтылғандай, бүкіл арал екі футбол алаңына орналастырылуға болады. Айтпақшы, мұнда футбол алаңы бар, бірақ ол өте қарапайым, өйткені стандартты алаң - кішкентай арал мүмкін емес. 

  • Жергілікті тұрғындар өз үйлерінің есіктерін ешқашан жаппайды, өйткені мұнда қылмыс жоқ, барлық аралдықтар бір-бірін жақсы біледі. Әрине, аралда ПОЛИЦИЯ да жоқ. Сонымен қатар, аурухана да, зират да жоқ. Аралда жұмыс табу оңай емес. Балық аулау, дайвинг және қайықтарды жалға берумен күн көреді.

Роршоха психологиялық тесті
Әлемдегі ең ақылды горилла
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу