Әлемдегі ең семіз еркек

Oinet.kz 24-10-2019 1475

Джон Миннох - самый толстый мужчина в мире

Джон Миннох - әлемдегі ең семіз еркек

Джон Миннох - әлемдегі ең семіз еркек қана емес, сонымен қатар ресми түрде ең семіз адам. 1941 жылы Вашингтон штатындағы Американың Бейнбридж аралында дүниеге келген. Ол өмір бойы семірумен болды. Осыған қарамастан, ол жұмыс істеді, адамдармен сөйлесті, бір сөзбен айтқанда, толыққанды өмір сүре алды. Жас кезінде ол такси жүргізушісі болып жұмыс істеген. Ол кезде джон 20 жаста еді, ал салмағы 180 келі болды. 24-25 жасында салмақпен шынайы проблемалар пайда бола бостады. 1966 жылы оның салмағы 317,5 келі деңгейіне жетті, күн сайын Джон Минноч семіре бастады. 10 жылдан кейін ол 400 келіге дейін жетті. Ер адам өздігінен қозғала алмады, бұрынғыдай жұмыс істемегендіктен тұрмыстық проблемалар да пайда бола бастады. Қозғалыссыз өмірінде Джон 185 сантиметрге өсіп, 635 келіге жетті. Оның денесінде шамамен 400 литр сұйықтық болды. Ол ендігі төсекте аунай алмайтын халге келді, оны төсегіне жатқызу үшін 14 адамның көмегі қажет етілді.

Джон Миннох диетологтардың көмегіне де жүгінді. Олар оған қатаң диетаны тағайындады, күніне бар-жоғы 500 килокалория ғана рұқсат етілді. Алайда бірнеше тексерістен кейін  егер де ол диета ұстаса өлімге алып келуі де мүмкін екендігі анықталды. Диетадан кейін Джон клиникаға барып, салмақ жоғалту үшін арнайы курстан өтті. Емдеу нәтижелі болып, 1981 жылы ең семіз адам небәрі 215 килограмм салмаққа оралды. Курс кезінде ер адам аптасына 5 келі тастады. Артық сұйықтық дәрігерлердің көмегімен ағзадан алып тасталды. Дегенмен ауруханадан шыққаннан кейінгі бір аптадан кейін Джон 90 килограм қосты.  

1983 жылы планетадағы ең семіз адам қайтыс болды. Өлген кезде оның салмағы 363 келіні құрады. Оның артында әйелі мен екі баласы қалды.

Қоқыстар қанша уақытта шіриді?
Тарихтағы ең ұзақ жасаған адам
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу