Шолпанда қорғасын жауатынын білесіз бе?

Oinet.kz 06-11-2019 1258

Шолпан.jpg

Бірде таңғажуық, енді бірде кешқұрым пайда болатын Шолпан жұлдызы жөнінде көп нәрсе ғылымға белгісіз болып келді. Тек, 2006 жылы Шолпанды зерттеуге арналған "Венера Экспресс" ғарыштық құрылғысы алғаш рет оның бетіндегі температура 500 градус ыстық екенін анықтады. Алыстан жарқырап көрінетін жұлдыз бетіндегі сұйық лавалардың ағып жатуы оны жерге барынша жарық етіп көрсетсе керек.

Ал, бүгінде "NASA" ғалымдары Шолпанға қатысты тағы бір таңқаларлық жаңалықпен бөлісіп отыр.

Ол бұл ғаламшардың бетіне қорғасын жауатындығы. Планетааралық стансалар жіберген мәліметтерге сай Шолпандағы таулардың басын жыл сайын металл тәріздес қар басып отырғандығы байқалған. Қазіргі заманғы құрылғылар көмегімен оның қорғасын екендігі белгілі болды. Мұнда аспаннан қорғасынның жаууы, жанартаулардың жиі атқылауынан да болуы мүмкін.

Шолпан планетасын қазақта "Шолпан жұлдызы" деп те атайды. Ол күннен алыстығы жөнінен екінші тұр. Астрофизиктер Шолпан ғаламшарының жасын 500 миллион жыл деп есептейді.

Ал, оның бетіндегі вулкандардың атқылап, лавалардың ағып жатуы Шолпанның әлі де құрылу үстіндегі жас планета екендігін көрсетеді...

Айбол Қарашевтың әлеуметтік желідегі парақшасынан

Әлемдегі ең қымбат қала - Токио
Анхель сарқырамасы неге «Анхель» деп аталады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу