Якутияның жер көлемі Үндістанмен бірдей

Oinet.kz 06-11-2019 1052

Якутия.jpg

Ресей Федерациясының құрамындағы Якутия республикасының жер көлемі Үндістанмен бірдей.

Бір қызығы, Якутия тұрғындарының саны қазір 1 миллион адамға жетпейді. Ал, Үндістанда дәл сондай жерде 1 миллиардтан аса халық тұрып жатыр.

Ал, Якутияның қасындағы Чукотка облысының территориясы Франциядан үлкен. Бірақ, сол Чуктокада небары 49 500 адам тұрады. Бұл Қазақстанның бір ауданында тұратын халықтан да аз.

Әрине, табиғи жағдайларға байланысты жер бетінде адамдардың орналасуы да әркелкі болып келеді.

Міне, Ресейдің ұлан-ғайыр аймағына қатысы осындай қызықты мәліметтер жетерлік. Ресей қазір біртұтас ел болса да ол 11- сағаттық белдеуге бөлінеді.

Мәселен: оның батысындағы Смоленск қаласында таң атып жатқанда, орталықтағы Новосибирскіде түс болады. Ал, Қиыр шығыстағы Владивостокта сол мезетте кеш батып жатады.

Айбол Қарашевтың әлеуметтік желідегі парақшасынан

Анхель сарқырамасы неге «Анхель» деп аталады?
Өлі теңізде адам ешқашан суға батпайды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу